АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ  ҰЛЫ ҒҰЛАМАСЫ ӘЛ-ФАРАБИГЕ АРНАЛДЫ

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ҒҰЛАМАСЫ ӘЛ-ФАРАБИГЕ АРНАЛДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің бастамасымен тұрғындар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау мақсатында «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Елдегі карантин жағдайына байланысты, мамыр айында бірінші рет онлайн форматта Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен «Адалдық сағаты» қоғамда үлкен қолдауға ие болып, жалпыреспубликалық акцияны тоқсан сайын өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

А.ж. шілде айында «Адалдық сағаты» тақырыбын ұлы ойшыл, ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» деп алып, мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленді.

Аталған роликтер, Әл-Фарабидің өз шығармалары, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы айтылған ойлары мен өскелең ұрпаққа қалдырған мұралары туралы айтылған. Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісін қамтыған.

Әл-Фараби «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» деп тәрбиеге аса қатты көңіл бөлу керектігін түсіндірді.

Бейнедәрісте Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактаты басшылыққа алынған.

Әл-Фараби трактатта қала тұрғындарын бес топқа бөледі. «Қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан».

Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады.

Екiншi топқа шешен — дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыкант, хатшыларды сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге – есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байларға — қалада байлық табатын, егiншi, мал өсiрушi, саудагер, қолөнер шеберлерін жатқызған.

  Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрiн өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кiмге елiктеу керек екенiн, кiмнiң айтқан сөзi мен ақылына құлақ қою керек екенiн көрсететiн үлгi болады. Мұндай адам мемлекеттi өзiнiң қалауынша басқара алады» - деп келтірілген.

Елорда да жыл басынан бері жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 3 мыңға жуық (лекция, дөңгелек үстел, кездесулер, дебат, бейнеролик, сурет байқаулары және т.б. сынды) іс-шара өткізілді. Қаламыздың барлық мектеп, колледж, университет қабырғаларында  жалпы саны 134 «Парасаттылық мектебі» құрылып, құрамында бес мыңнан астам парасаттылық елшілері бар, сонымен қатар 200-ге жуық парасаттылық бұрыштары ашылды.

Мектептің мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау болып табылады.

Адалдық пен әділдікке, жемқорлыққа төзбеушілік иммунитетін  мектеп жасынан бастап әр оқушының бойында қалыптастыруымыз керек. Осы ретте мектеп қабырғасында «Адал ұрпақ» еріктілерінен құрылған мектеп клубтары, «Парасаттылық» бұрыштары, «Адалдық дүкендері» ашылып, «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылып отырады. Бүгінде аталған жобалар ата-ана, оқушылар тарапынан оң бағасын алуда.

Мәуелі жас ағашты  баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға жемқорлық атты індетке төзбеушілік имунитетін қалыптастыруға жол сілтеп  мүмкіндіктер жасауымыз қажет. Халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриоттық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, парасатты, адал көзқарасын дамытуымыз қажет.

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған бейнедәрісті төмендегі сілтемеге өту арқылы тамашалай аласыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=yS8p6EH5tfg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=3&t=0s

 

 

Жазира Жылқышиева

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

  департамент басшысының

бірінші орынбасары

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.