ШҚО-да «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» адалдық сағаты өтуде
Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен екінші рет «Адалдық сағаты» онлайн форматта өткілуде.
Биыл әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы.
Мемлекетті күшейтіп, тәуелсіздікті қорғайтын қоғам қандай болуы керек? Кемеңгер тұлға Әл-Фарабидің ізгілікті қоғам құру жөніндегі идеялары қашанда өркениетті мемлекеттің үлгісі, өлшемі болып табылады.
Сондықтан, осы жолғы «Адалдық сағатының» тақырыбы «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» ретінде анықталды.
Басты мақсат – ұлы ғұламаның еңбектері арқылы қоғамда әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын дәріптеу.
Акция онлайн форматта болғандықтан, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісіп, «Адалдық сағаты» республикалық телеарналарда көрсетілуде.
Одан бөлек, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті мен «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, өңірлік ақпараттық-ағартушылық топтың, облыстағы барлық мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желілерінде көрсетілуде.
Бейне-дәріс облыстық дәрістің көрсетілімі «Алтай», «Қазақстан-Семей», «Алва ТВ» телеарналарда да ұйымдастырылды.
Онлайн форматта өткен осы іс-шара қоғам тарапынан қолдауға ие болды.
Оның тәрбиелік маңыздылығы өңірдегі ақпарттық-ағартушылық топтың, «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері жоғары бағалауда
Онлайн форматта өткен «Адалдық сағаты» бірқатар басымдықтарды көрсетті:
Біріншіден, арнайы әзірленген бір ғана бейнеролик арқылы барлық әлеуметтік топ өкілдері қамтылды. Нәтижесінде, адами ресурстар мен уақыт барынша үнемделді.
Екіншіден, әлеуметтік желі қолданушыларымен тиімді кері байланыс орнатылды..
Үшіншіден, терең біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын ғұламалардың еңбектері арқылы жеткізу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.
Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.
[xfvalue_img]