Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы туралы

Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы туралы

Ағымдағы жылдың 18 мамырында жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтті.

Дәстүрлі түрде тоқсан сайын өткізілетін осы жолғы «Адалдық сағатының» өзіндік ерекшелігі болды.

Біріншіден, биыл ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы.

Ол өзінің 176 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қарасөзін бізге өнегелі мұра ретінде қалдырды.

Еңбектерінде адал еңбекті, жалпы адалдық қасиетін дәріптеген. Дана халқымыз ұлы ойшыл жайлы «Абай болу, алдымен адам болу» дейді.

Сондықтан, «Адалдық сағатының» тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» ретінде анықталды.

Басты мақсат – ұлы ақынның еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.

Екіншіден, қазіргі карантин жағдайында бұл акция алғаш рет онлайн форматта өтті.

Оның аясында еліміздің барлық білім ошақтарының 760 мыңнан астам жасөспірімі қамтылды.

Акция онлайн форматта болғандықтан, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісіп, «Адалдық сағаты» республикалық телеарналардың бейнесабақ кестесіне енгізілді.

Бейне-дәріс 18 мамыр күні мемлекеттік тілде «Balapan», ал орыс тілінде «EL ARNA» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Одан бөлек, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, аумақтық департаменттер мен «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді.

Бүгінгі күні Агенттіктің Youtube парақшасындағы бейне-дәріс қаралымы 220 мыңнан, жазылған пікірлердің саны
25 мыңнан асты.

Ал Агенттік пен аумақтық департаменттердің Фейсбук парақшасында бұл көрсеткіш тиісінше, 30 және 7 мыңды құрады.

Әлеуметтік желідегі ең көп қаралым Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында болған.

Әр оқушы мен студентті қамту үшін қашықтықтан оқытудың барлық қолжетімді платформалары пайдаланылды (ZOOM, Whats up, т.б.).

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнайы өткізілген Агенттіктің осы имидждік шарасы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

Арнайы сұқбаттар «Таңшолпан» бағдарламасында, «Алматы» және «Qazaqstan» телеарналарында шықты.

Бейне-дәріс пен арнайы сюжеттер облыстық/аудандық телеарналарда да ұйымдастырылды.

Онлайн форматта өткен осы іс-шара қоғам тарапынан қолдауға ие болды.  

Оның тәрбиелік маңыздылығы туралы өңірлердегі ақпарттық-ағартушылық топ мүшелері, «Adaldyq alańy» жобалық кеңсе жетекшілері, қоғам белсенділері сұхбат беріп, БАҚ арқылы пікірлерін жариялады.

Ал жастар болса, онлайн дәріс өткеннен кейін өз пікірлерімен желіде бөлісіп, флешмоб ретінде Абайдың адалдық, әділдік, парасаттылық туралы шығармаларын оқып, ойларын ортаға салды.

Онлайн форматта өткен «Адалдық сағаты» бірқатар басымдықтарды көрсетті:

Біріншіден, арнайы әзірленген бір ғана бейнеролик арқылы барлық білім беру ошақтары қамтылды. Нәтижесінде, адами ресурстар мен уақыт барынша үнемделді.

Екіншіден, әлеуметтік желіде жастармен тиімді кері байланыс орнатылды. Бейне-дәрістің бір жерде онлайн таралуы, жастар арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігіне айналды.

Үшіншіден, терең біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын өз ғұламаларымыздың еңбектері арқылы жеткізу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Сондықтан, ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, данышпан бабамыз
Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Ол өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған.

Сондықтан, келесі оқу жылының алғашқы «Адалдық сағатын» ұлы Әл-Фарабиге арналады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.