Мамандықтары бір,әңгімесі ортақ,жарасымды жұп

Мамандықтары бір,әңгімесі ортақ,жарасымды жұп

 Еліміздің нығайып,дамуы жолындағы қылмысқа қарсы күрестің қарқынды жүргізілуі –мемлекетіміздегі тұрақтылықты сақтаудың бірден-бір жолы. Осы жолда,қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде белсене еңбек етіп келе жатқан жастар да, баршылық.

 Сондай жастардың біразы ҚАЖ саласына жұмысқа тұрып,әңгімесі жарасып,отбасы құрған жұптар. ЗК-169/1 мекемесінің, тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі әділет капитаны Берікбол Бауыржан мен РжКБ-ның бақылаушысы әділет сержанты Жахман Ақбота мекемеміздегі ең жас жанұя құрған жастар. Бауыржан көп балалы отбасында  дүниеге келген,сегіз ұлдың кенжесі.Әкесі Берікбай Жагиппаров Облыстық Ішкі Істер департаментентінің құпия бөлімінде жұмыс жасап,бүгінде зейнетке шыққан,отставкадағы подполковник.Ағасы Жагиппаров Еркін Берікболұлы да,Қаржы полициясында жұмыс жасаған, ішкі істер саласының үздік қызметкерлерінің бірі болған. Жасынан осындай шенді кісілердің өмір салтын көріп өскен, Бауыржан мамандық таңдауда, әкесі мен ағасының жолын қуып, құқық қорғау саласын таңдады.Таңдап алған мамандығы бойынша,ЗК-169/1 мекемесіне жұмысқа кіргеннен,  білек сыбана кірісіп, белсене  жұмысқа атқарып жүр.Оның үстіне,  тағдыры тоғыстырған Ақботадай асыл жары,жанына- қуат,өміріне-шуақ болып енді.   Үйінің кенжесі Бауыржан болғандықтан, бүгінде екеуі үлкен қара  шаңырақта тұрып жатыр.Ата –ененің көңлін табу,мейіріммен қарау,келген қонақты күтіп алу,жалпы қазақ келіне тән имандылық тәрбиесін көрсету, Ақбота үшін бүгінгі таңдағы басты сынақ.Ал, жұмыстағы қарбалас, қатаң тәртіпке бағыну,режимдік талаптқа сай болу,  бұның бәрі келіндік міндетті мүлтіксіз атқаруға кедергі келтірмейді. Қайта жанұялық өмірдегі мерекелік сәттер қуаныш силап,көңлімізді көркейте түседі.Жұмыс пен отбасын қатар алып жүруге дайын болу керек екенімді Бауыржанға тұрмысқа шығар алдында ой елегінен өткізіп, таразылап алғанмын дейді, Жахман Ақбота.45 жыл ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп,ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан тәрбиеші мұғалімінің  бір тал қызы,тәртіпті, жұрт қызығар ақылына көркі сай  болып өсті. Қазақы әдеп-ғұрыпты сақтап, алдындағы үш ағасына еркелеп бой жеткен Ақботаның, ер азаматтар атқаратын мамандықты таңдауына,мектептегі Алғашқы әскери пәнінің мұғалімі,Ерназаров Азамат атты ағайының ықпалы зор болды. Арнаулы орта мектепті жақсы үлгідегі атестатпен тәмамдаған ару,Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата университетінің құқықтану бөліміне құжаттарын әкеліп тапсырады.Студенттік қызықты шақтарды артқа тастап,бес жылдық бел-белесінен өтіп,қолына диплом алды. Жоғарғы білім иесі атанып, «кірпіш дүниеге» кетігін тауып қаланды.Алғаш, Қалалық сотта көмекші болып жұмыс атқарады.Сол 2018 жылы облыстық «Сыр бойы» газетіне ЗК-169/1мекемесіне жұмысқа қабылдау туралы жарнама шығады.Осы конкурсқа қатысқан жас маман,мемлекеттік қызметкерлерді дайындайтын тест орталығына барып сынақ тапсырды.Сынақтан тәуір бал жинап,жақсы өтті.Спортпен айналысатын ширақ қыз,нормативтік сынақтан да,сүрінбей өтіп,жұмысқа қабылданды.Ішкі істер қызметіне кіру өте қиын деп,жұрт аузында айтылып жүрген әңгіменің жалған екендігіне көзі жетті.Тәуелсіздік таңында туылған   білімді жастың, осылайша арманы орындалды.Тергеу изоляторына алғаш келгеннен,ақжарқын Ақбота ұқыпты іс-әрекетімен баршаны баурап алды.  Байыптылылықпен бағамдай білетін Бауыржанымыз, Ақботаның, епті, еті тірі, еңбекқор қыз екенінін байқады. Оның үстіне, жұмыстағы әріптестері  бұл қызды ерекше мақтайтын. Алдымыздағы өмір көрген,кісі тани білетін ағалардың ақылын тыңдап және өзімнің көңілім ұнатқан соң,Ақботаға өмірлік серік болуға ұсыныс жасадым,дейді Бауыржан.  Ия, жар таңдауда да,мамандық таңдауда да екеуі жаңылыспапты.Бүгінде екі жас бірге қол ұстасып,бірге жұмысқа келеді,бірге кетеді.Жиырма төрт сағат бойы бір-бірінің көз алдында,бір-бірінен жасыратын ештеңесі жоқ.Қайта, бір-біріне киім болып киіліп, бір-бірінің кем -кетігін толықтырып келеді. Бас ием, Бауыржанның шенді  кісі болғанына қуандым.Жалпы бой жеткеннен қиялымдағы болашақ жарымды,ер мінезді,сөзімен ісі сай келетін,соның ішінде құқық саласында жұмыс жасайтын «формадағы» жігіт ретінде елестететінмін.Ниетіме қарай, тағдырым Бауыржанмен табыстырды.Өмірлік серігіммен жұмыста да, үйде де біргемін. Таңдап алған мамандығымыз бір болғандықтан, таныстарымыз ортақ,әңгіме пікіріміз жалғасып,жарасып тұрады дейді Ақбота.

 

Раушан Абдрахманова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ЗК-169/1 мекемесі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Ariane 12 января 2024 12:03

    Great site. Lots of helpful info here. I'm sending it to several pals ans additionally sharing in delicious.
    And naturally, thanks on your effort!

    Also visit my blog; Rainy

  2. аватар
    Nancyann 12 января 2024 12:03

    I always used to read piece of writing in news papers but now as I am a user of web therefore from now I am using net for
    articles or reviews, thanks to web.

    Also visit my web blog - Shamone

  3. аватар
    Brigida 15 января 2024 22:16

    Amazing things here. I'm very happy to see your article.
    Thanks so much and I am looking ahead to
    touch you. Will you please drop me a e-mail?


    Stop by my blog ... Jerson

    Hi, everything is going sound here and ofcourse every one is sharing facts, that's in fact good, keep up writing.



    my web site ... Teaira

  4. аватар
    Brittane 16 января 2024 05:02

    Good post but I was wondering if you could write a
    litte more on this topic? I'd be very thankful if you could elaborate a little
    bit further. Appreciate it!

    Visit my web-site ... Elaine

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.