ҚАЖ қызметкерлері өзгеге өмір сыйлады

ҚАЖ қызметкерлері өзгеге өмір сыйлады

14 маусым Халықаралық донор күніне орай, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің 30 қызметкері  өз еркімен қан тапсырды.  Бұл  қайырымдылық акциясын бастап келген, Департамент бастығының орынбасары,  әділет полковнигі Нәкенов Мұрат Сабырұлы  болды.  Донор болып, мұқтаж жанның өмірін ұзартуды әділет полковнигі Мұрат Сабырұлы өзінің азаматтық парызы санайды.  Құрыш білекті,болат жүректі әділет полковнигінің бұл қайырымды іс-әрекеті, қоғамдағы азаматтық тұлғасын биіктетіп, акцияға қатысқалы келген жас қызметкерлер алдында  абырой беделін асқақтатып тұр.

Бір тамшы қан бір өмірді құтқарады. Олай болса біздің қызметкерлеріміздің бүгінгі акцияға қатысу қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі.

Қызметкерлер облыстық қан орталығына  таң сәріден келіп, кезек күтіп, тіркеліп, тексерістен өтті. Алғашқы болып тіркелген, ҚАЖ департаментінің жеке құрам бойынша аға инспекторы әділет майоры А.Алназаров пен ЗК-169/1 мекемесінің жеке қызметкерлері. Соның ішінде облыстық Қан орталығының тұрақты донорының бірі Айдос Алназаров 10 жыл ішінде жылына 6 рет  450 мл-нан  қан тапсырып келеді. Осы секілді өзге жанға өмір сыйлап,  өмірін  жалғап келе жатқан жанның бірі, ЗК-169/1 мекемесінің кезекші қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі, әділет майоры Қаратаев Мұсабек  Мадиханұлы, 2006 жылдан бері үздіксіз донор болып келеді.

Бүгінгі донор күніне байланысты акцияға қатысқан, ЗК-169/4 мекемесінің әділет капитаны Тоғатай Алмастың қан тобы дәл осы уақытта ауыр халде жатқан науқастың қан  тобымен сәйкес келіп, аппарат арқылы тромбоцид клеткалары алынды. Дер кезінде зәру жанға өмір сыйлаған ҚАЖ қызметкерінің бұл амалы,  ерлікке пара- пар іс –әрекет.  Сонымен қатар, ЗК-169/5 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет майоры Алтынбек Гүлмираның ұйымдастыруымен мекеменің 15 жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлері де, бұл іс-шараға белсенді түрде қатысты. Келген ерікті донорлардың ішінде мекеменің мұрағатшысы Жайымбетова Күлімхан апа бірінші рет тапсырып отыр. Сонымен қатар, әділет капитаны Нұртазаев Ғабит, Жамиев Мейрамбек, психолог Кулбаева Шынар мен есепші маман Динар Баймурзаева да бар. 

Қан тапсырып өзгеге өмір сыйлаған ҚАЖ қызметкерлері  көпке үлгі боларлық сауапты іс жасады. Облыстық қан орталығының директоры Серік Қуандықұлы  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлына  және мекеме қызметкерлеріне ерекше алғысын білдірді.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.