Жамбылдық полицейлер «Отбасы күнінде» ішкі істер органдары ардагерінің шаңырағына барды

Жамбылдық полицейлер «Отбасы күнінде» ішкі істер органдары ардагерінің шаңырағына барды

«15 мамыр – Халықаралық отбасы күні» мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің және Ардагерлер кеңесінің бастамасымен, ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында мінсіз қызмет атқарып, қазіргі уақытта еңбегінің зейнетін көріп отырған ішкі істер органдарының құрметті ардагері Асқар  Қуандықовтың жұбайымен шаңырақ көтергеніне 50 жыл толуына орай олардың отбасыларына барып, «Алтын тойларымен» құттықтады.

Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ардақ Мадимаров пен Тараз қаласы Полиция басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин мерейтой иелеріне ұзақ өмір тілеп, отставкадағы милиция подполковнигі Асқар Қуандықұлының иығына  шапан, жұбайы Жамилә апайға орамал жауып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, әке жолын қуып полиция қызметін жалғастырып отырған ұлы полиция капитаны Асхат Тайтелиевтің еңбегіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, олар Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының «Құттықтау хатын» табыстап, алдағы уақытта немере-шөберелердің қызығын көруге тілектестіктерін  білдірді.

Мерейтой иелеріне мерекелік сыйлықтар ұсынылып, құрмет көрсетіліп,  олардың тағылымы мол әңгімелерін тыңдады. Әңгіме барысында ардагер еңбек еткен жылдары қызмет барысында кездескен қиындықтар мен зейнетке шыққан кездегі түрлі оқиғалар турасында, сондай-ақ отбасы – қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналатыны, өнегелі отбасы құндылықтарымен мемлекет те өркендейтіні туралы сөз тарқатып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру керектігі туралы айтты.

«Әрбір шаңырақтағы береке түптеп келгенде тұтас елдің берекесі екені белгілі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады»,- деп сөзін түйіндеген ақсақал Асқар Қуандықұлы отбасылық құндылықтарды сақтау, оны дәріптеу  мақсатындағы «Отбасы  күні» мерекесінде полицейлерге өзінің және жанұясының атынан Полиция департаменті басшылығы мен жеке құрамының еңбектеріне табыс, шаңырақтарына татулық тілеп, шексіз алғысын білдірді.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.