Су басқан ауылдар қауіпті аймақта орналасқан
2020 жылдың 1мамырында шекералас жатқан көрші еліміз Өзбекстандағы Сардоба су қоймасында бөгеттің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының бірнеше ауылын су алған. Ауылдарды су басып, жүздеген тұрғын үйлер қирап, мақта, егін егілген алқаптар мен дақылдардың барлығын су шәйіп кеткен. Тұрғындарды көшіру мен құтқару шаралары ұйымдастырылған.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы 10 мекен ауыл аймақтары қауіпті жерде орналасқан, оның 5-уі, яғни Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астына кеткен. Қалған 5 елдімекенді облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылған және соның ішінде атап өтетін стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елдімекені қызыл су басудан аман қалу туралы ақпаратты облыс әкімінің орынбасары - Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда. Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5 км, биіктігі 1,5 болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елдімекенінен Мырзакент елдімекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елдімекенінің аумағында ұзындығы 20 м, биіктігі 1 м. болатын бөгет жасалса, Ырысты елдімекенінде биіктігі 0,5 м, ұзындығы 40 м. бөгет соғылып, Жантақсай елдімекенінің маңынан ұзындығы 800 м. болатын бөгет тұрғызылды. Көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының көлік жүру жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 техника жұмылдырылған. Оның ішінде жергілікті әкімдіктен 13 техника,15 адам, ТЖД 30 адам, Полиция Департаментінен 4 адам, 2 техника және 600-ден астам еріктілер бар. Айта кетсек, Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы құтқару бекеттеріне орналастырылған барлық азаматтарға тиісті көмектер көрсетілуде. Жалпы 24 құтқару орнына жайғастырылған адамдардың денсаулығын бақылауға алу үшін 147 медицина қызметкері жұмылдырылған. Оның 58-і дәрігерлер 89-ы фельдшер. Олар бекеттегі азаматтарға тәулігіне 24 сағат бойы қызмет көрсетуде. Онда дәрігерлер азаматтарға тұрақты түрде COVID-19 вирусының алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Сондай-ақ, құтқару бекеттерінде орналасқан азаматтар арасында коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында 22750 медициналық бетперде 14750 қолғап, 800 литр антисептик, 500 литр дезинцекциялауға арналған сұйықтық және басқа да қорғаныс құралдары үлестірілді. Тағы қажеттілік туындаған жағдайда, қорда жиналған құрал жабдықтар қосымша таратылатын болады - Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпартынан алынған.
Зардап шеккен ауылдардың тұрғындары Мақтаарал ауданының 19 мектебінде, 2 колледжде, 3 мешітте орналасқан. Айтарлықтай, күнделікті таңғы,түскі, кешкі ас 8000-нан астам адамға берілуде. Сонымен қатар, «Ауыл-Өнімі» жобасының қолдаушылары қөмек көрсету шаралырын ұйыдастыруда. Мактаарал ауданының «Ауыл-Өнімі» жобасының үйлестірушісі мен белсенді ауыл әйелдері біріге отырып өз үлестерін қосуда. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қайырымдылық жүргізілуде екені туралы Акбаян Жакипова фэйзбук парақшасында айтып кеткен.
Мадина Жатканбаева
[xfvalue_img]
23 пікір