Бірнеше рет мал ұрлаған күдіктілер ұсталды
Меркі аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2020 жылдың 21 қаңтарында мал ұрлығымен айналысқан күдікті үш азамат ұсталды.
Тергеу барысында ұсталғандар 26-30 жас аралығындағы Меркі ауданының және Түркістан облысының тұрғындары екендігі, сондай-ақ бірнеше рет жылқы малын ұрлағандығы анықталды.
Олар өткен жылдың 7 желтоқсанында Меркі ауданындағы шаруа қожалықтың мал жайылымынан 5 жылқы малын жасырын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 2 350 000 теңгені құраған. Сонымен қатар, өткен жылдың 14 желтоқсаны күні Меркі ауданының 1976 жылғы тұрғынының 8 бас жылқы малын ұрлаған. Жалпы шығын 2 810 000 теңгені құрайды.
Күдіктілер кінәсін толық мойындап, Меркі аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен (ірі мөлшерде, бірнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық ) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды өз малдарын қараусыз қалдырмауға шақырады. Жоғалған жағдайда полицияға жедел түрде хабар берілуі керектігін ескертеді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір