Шет ел азаматтары туыстарымен байланысқа шықты
Қазіргі таңда Мемлекетімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде шетел азаматтарына туған туыстарымен кездесу қиындық тудыруда. Дегенмен, 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында мекеме әкімшілігі жазасын өтеуші азаматтарды туған туыстарымен скайп жүйесі арқылы байланыс жасау мүмкіндігін қарастырды. Осы мекемеде жазасын өтеуші Ш есімді азамат осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланып, Өзбекстандағы туған -туыстарымен байланысқа шықты. Сотталған Ш.есімді азамат көптен көре алмай жүрген жанұясымен скайп жүйесі арқылы тілдесіп, байланыс жасады. Анасын, балаларын, жұбайын скайп жүйесі арқылы көрген, жазасын өтеуші аман екенін көзімен көріп қуныштарын бөлісті. Бүкіл әлемде төтенше жағдай орын алып жатқанда отбасымен ғаламтор арқылы болса да тілдескен жазасын өтеуші азамат және оның отбасының көңіліне қуаныш ұялағаны анық. Сотталған азамат отбасымен бейнебайланыс арқылы қауышуға мүмкіндік берген мекеме басшылығына шексіз алғысын білдірді. Жергілікті аудан, ауылдардан келе алмай жатқан жазасын өтеуші азаматтардың отбасылары ешқандай қиындықсыз үйде отырып, бейнебайланыс арқылы сөйлескендеріне ризашылығын білдіруде.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]