Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамаққа алынды.
Теректі аудандық сотымен Подстепное ауылының У. есімді тұрғынына қатысты ӘҚБтК-нің 476 бабы 2 тармағымен іс қаралды.
Сот отырысында У. 2020 жылдың 26 наурызында Мәскеу қаласынан келгенін. Мемлекеттік шекараны өту кезінде барлық жолаушыларды «коронавирусқа» лабораториялық анализдерді тапсыруға бағыттаған. Тапсырған соң нәтижесін күтпей, өз еркімен медициналық мекемеден кетіп қалып, сотпен әкімшілік айыппұл жазасына тартылған. Соттан кейін дәрігерге қайта бармай, 14 күн карантинде болу міндетін білмеген.
У. әрекетін ӘҚБтК-нің 476 бабы 2 тармағымен төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, яғни кейбір жеке тұлғалар көрсетілген уақытта тұрғылықты мекен-жайынан кетпеу дұрыс деп тұжырымдады.
Әкімшілік құқықбұзушылықтың сипатын ескере отыра, іс бойынша анықталған барлық мән-жайларды, сот У. кінәлі деп танып, оған 10 тәулік мерзімге қамаққа алу жазасын тағайындады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Теректі аудандық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]
22 пікір