Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мекемелерге заттарды заңсыз алып өту бойынша белсенді науқан өтуде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бағытында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдармен, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде өзара іс-қимыл жасауды жалғастыруда. Осы жұмыстардың нәтижесі қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастыру, қоғам мен мемлекетке адал қызмет ету қажеттілігін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның көріністеріне мүлдем төзбеушілікті сақтау болып табылады.
Оған Қарағанды облысының АК159/1 мекемесі қызметкерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтан сыйақыға заңсыз іс-әрекет жасау туралы ұсыныс түскендігі туралы өз еркімен хабарлаған әрекеті мысал болып табылады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық жазасын өтеуші азамат тыйым салынған заттарды, атап айтсақ, 40 мың теңге сомасында ақша қаражаты мен 2 сим-картамен және 2 микрофлешка түріндегі сәлемдемелерді кедергісіз өткізіп, заңсыз сақтауы үшін мекеме қызметкеріне 30 мың теңге сомасында пара берген деген күдікке ілінді.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
[xfvalue_img]