Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы ҚР азаматшаларын сексуалдық құлдықтан босатты
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшаларын сексуалдық құлдықтан босатты.
Жақсы жалақы алу уәдесіне сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жаңдайда күш көрсеткен.
Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]