Қазақстандық қажылар Сауд Арабиясына келді
149 адамнан тұратын қазақстандық қажылардың бірінші тобы Жидда қаласына жетті. Биылғы жылы Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі тарапынан бөлінген квоталарға сәйкес, еліміздің үш мың азаматы қасиетті жерлерге зиярат жасайды. Ұлы қажылық мерзімі 19-23 тамыз аралығына сәйкес келеді.
Қазақстанның консулдығы еліміздің тиісті мемлекеттік мекемелерімен бірлесе отырып, қажылық маусымда екі жыл қатарынан қазақстандық қажыларды тасымалдау отандық «SCAT» әуекомпаниясы және «FlyNas» саудиялық серіктесі арқылы жүзеге асырылуда. Аталған әуекомпаниялардың ұшақтары қазақстандықтарды Корольдіктің Жидда мен Медина қалаларына Астана, Алматы, Шымкент және Ақтаудан 9-15 тамыз аралығында тікелей рейспен алып келіп, 27 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында кері алып қайтады.
Қалыптасқан тәжірибе бойынша жыл сайын консулдық тарапынан қажылар арасында Корольдіктің заңнамаларын сақтау, түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, менингит) алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуына мән беру, жергілікті салт-дәстүрлерге құрметпен қарау және тағы басқа да мәселелер бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Мекка мен Медина қалаларының орталық штабтарында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған стационарлық бөлімшелер тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Ол жерде қазақстандық дәрігерлер тарапынан қажыларымызға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің
[xfvalue_img]