Жаңа жылдық отшашу-абай болыңыз!

Жаңа жылдық отшашу-абай болыңыз!

Жаңа жыл түнін әсем көрініс - мерекелік салют пен фейерверктарсыз, түрлі-түсті керемет отшашусыз елестету қиын.   

Мереке түнінде көңіл-күйді де бұзбай, денсаулыққа да зиян келтірмей отшашуды қалай дұрыс қолданған жөн? Бұл жайлы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының медицина саласындағы төтенше жағдайлар орталығының директоры Альберт Асқаров айтып өтті.   

«Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі пиротехникалық бұйымдарды сату күрт өседі. Өкінішке орай, кейде қолдану барысында адамдар жарақат алып жатады», - деді ол.

Маманның пікірінше, негізінен жарақат алуға сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сатып алу және қолдану немесе қолдану кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау жағдайларында ұшырауы мүмкін.

Жарақаттану мен денсаулыққа зиян келтірудің алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар орталығының директоры қазақстандықтарға пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау және пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтауға кеңес береді.

Пиротехникалық бұйымдарды тек ресми сату орындарында сатып алу қажет. Оларды осы мақсаттар үшін реттелмеген орындарда (базарлар, дүңгіршектер, машиналар және басқа да сауда нүктелері) немесе «таныстардан» сатып алуға болмайды, себебі ол жерлерде қауіп төндіруі мүмкін сертификатталмаған немесе заңсыз бұйымдар сатылады.

Альберт Асқаров атап өткендей, барлық пиротехникалық бұйымдар (петардалар, фейерверктер, салюттар, хлопушкалар және т.б.) міндетті түрде сертификаттауға жатады және оларды қолдану бойынша мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде нұсқаулық болуы тиіс, ол пиротехникалық бұйымға қоса берілуі тиіс немесе бұйымның өзіне түсірілуі тиіс. Сондай - ақ оларда немесе нұсқаулықта пиротехникалық бұйымдарды дайындаушы-ұйымның (жеткізушінің және/немесе импорттаушының) атауы мен орналасқан жері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.     

«Пиротехникалық бұйымдарды сатып алу кезінде орамаға назар аудару қажет, онда ылғалды жерлер, тесілген жерлер, түсініксіз немесе тек шет тілінде мәтін болмауы тиіс. Тауар белгісі бар пиротехникалық бұйымдарды сатып алған жөн, бұл өнімнің сапасына кепілдік береді», - деді ол.

Пиротехникалық бұйымдарды сақтау және қолдану кезінде Альберт Асқаров келесі ережелерді ұстануға кеңес береді.  

Пиротехникалық бұйымдарды құрғақ жерде, түпнұсқа орамада сақтау керек. Пиротехникалық бұйымдарды тез тұтанатын заттардың жанында, сондай-ақ жылыту құралдарының жанында, ауа температурасы жоғары (30°С артық), ылғалды немесе өте құрғақ үй-жайда сақтауға тыйым салынады. Оларды киім қалтасында, сондай-ақ ұзақ мерзідге автомобильде тасымалдауға болмайды. Пиротехникалық бұйымдарды қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде оқу қажет.

Пиротехникалық бұйымдарды тікелей қолдан немесе дененің басқа бөліктерінен қолдануға болмайды, оларды бетке, дененің басқа бөліктеріне және басқа адамдарға бағыттауға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Халыққа сатылатын барлық фейерверк бұйымдары от өткізгіш шнурды өртеумен басталатындықтан, қолданылатын бұйымдарда от өткізгіш шнурды (стопин) алдын ала босату және түзету қажет.

Білтені (фитиль) күйдіру алдында бұйымның жоғарғы жағына және жанып жатқан элементтердің қайдан ұшатынына көз жеткізу қажет.

Қауіпсіздіктің басты ережесі: фейерверк бұйымдарын ешқашан бөлшектемеңіз-пайдалануға дейін де, кейін де!

Пиротехникалық бұйымдармен жұмыс істеу кезінде тыйым салынады:

-пиротехникалық бұйымдарды балаларға ересектердің қатысуынсыз қолдануға.

-пиротехникалық бұйымға механикалық әсер етуге ( басу, ұру, соққы, лақтыру және т. б.).

-пиротехникалық бұйымдарды отқа тастауға.

-пиротехникалық бұйымдарды үй-жайда қолдануға (бенгаль оттары, торт шырақтары, хлопушкалардан басқасы).

-жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға (бенгаль оттары, торт шырақтары, хлопушкалардан басқасы).

-пиротехникалық бұйымдарды ғимараттарға, ағаш құрылыстарына, электр беру желілеріне жақын және қауіпті аймақ радиусынан аз қашықтықта пайдалануға.

-пиротехникалық бұйымнан қауіпсіз қашықтықта болмауға.

-пиротехникалық бұйымдағы фитилді күйдіру кезінде,сондай-ақ -пиротехникалық бұйымның жұмысы кезінде оған еңкейіп жақындауға.

-білтелер (фитиль) өшіп қалған жағдайда оны тағы бір рет тұтатуға.

-пайдаланылған пиротехникалық бұйымға оның жұмысы аяқталғаннан кейін кем дегенде 5 минут бойы жақындауға, еңкейіп қарауға.

«Жоғарыда көрсетілген қарапайым ережелерді білу және сақтау тұрғындардың өз және айналасындағы адамдардың денсаулығына зиян келтірмеуге негізделген. Сондай – ақ, пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау және қолдану кезінде өртті болдырмауға мүмкіндік береді», - деп қортындылады Альберт Асқаров.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.