Елордалық полицейлер мереке күндері қарсаңында өрт қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында жеке үйлерді аралап шықты
Мереке күндері, сондай-ақ алдағы ұзақ демалыс күндері қарсаңында
елордалық полицейлер жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігін алдын-алу, сондай-ақ, халық арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жеке үйлерді аралап шықты.
Тәртіп сақшылары тек 1 күннің өзінде 500-ден астам жеке үйлер мен 50-ден астам кәсіпкерлік объектілерін аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, сондай-ақ, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жылыту пештері арқылы уланудан және жазатайым оқиғаларды алдын-алу үшін қауіпсіз пайдалану бойынша жадынамаларды таратты.
Өрт қаупі жағдайларды алдын-алу мақсатында елорда тұрғындары мен қала қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерің қатаң сақтауды сұраймыз.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]