«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИСТІ ДАМЫТУҒА ШАҚЫРДЫ
«QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері Батыс өңіріне жұмыс сапары барысында Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдігі, шағын, орта және ірі бизнес субъектілерімен, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП-ның жергілікті өкілдерімен жиын өткізді.
Келелі кездесулерде жол бойындағы сервис нысандарын дамыту, оларды Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестендіру, жол бойындағы кешендерге жер бөлу және қажетті коммуникацияларды өткізу мәселелері талқыланды.
Жиын барысында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері Қарағанды облысының Осақаров ауданында жергілікті әкімдікпен бірлесе салынатын «А» санатындағы жол бойындағы сервис нысанының сынамалы жобасын таныстырды. Бұл ауданда кәсіпкерге 11 жер учаскелері аукцион әдісі арқылы сатылғаны айтылды. Жоспар бойынша аталмыш кәсіпкерлер ауқымы 5,8 га жерде кемпинг, қонақ үй, сауда орындарын, техникалық қызмет көрсету стансасын, автокөліктерді жуу орындарын, заманауи дәретханаларды, жеңіл және жүк автокөліктеріне арналған тұрақтарды орнатады.
«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның жол бойындағы сервистерді дамытуды үшін ҚР Үкіметі БҰҰ ДБ «Қалпына келетін қуат көзі жобаларына инвестиция салудағы тәуекелді азайту» жобасының аясында инвесторларға 350 млн теңгеге дейінгі қаржыландыруға қатысу ұсынылды. Қаржыландырудың шарттары бойынша жылдық мөлшерлеме көлемі 19%. Оның 10% «Даму» қорынан бөлінеді. Сонымен қатар, «Baiterek Venture Fund» АҚ мен екінші деңгейдегі банктердің көмегімен жүзеге асатын қаржыландыру жобалары таныстырылды.
Жиынның нәтижесі бойынша, Батыс Қазақстан облысының әкімі мен Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары қалалар мен аудандардың әкімдеріне жол бойындағы сервистердің қазіргі жағдайын жақсарту, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру, кәсіпкерлер үшін интерактивті карта дайындау және Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстары бойынша инвесторларға берілетін 5 жер учаскесі бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды
[xfvalue_img]
24 пікір