Батыс Қазақстан облысы соттары жалпықалалық сенбілікке қатысты
Табиғатты құрметтеу және қоршаған ортаны қорғау - әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.
Еліміздің әрбір азаматы қоршаған ортаны таза ұстауға, туған өлкені көгалдандыруға өз үлесін қосуы тиіс. Батыс Қазақстан облысы сотының судьялары, БҚО бойынша Соттар Әкімшісінің, сонымен қатар, Орал қаласында орналасқан қалалық және мамандандырылған ауданаралық соттардың ұжымдары жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілік кезінде сот қызметкерлері сот ғимараты аумағын сыпырып, жол жиектері мен ағаш түптерін әктеп, ағаш көшеттерін отырғызды.
Мамандандырылған ауданаралық соттар судьялары мен сот қызметкерлері сот ғимаратына тиісті аумақты және Мөңкеұлы көшесінде орналасқан қалалық шағын бақ аумағын жинады.
Облыстық соттың төрағасы Б.Әметов бастаған сот ұжымы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы облыстық сот ғимаратының қасында орналасқан шағын баққа сенбілік өткізді.
Сот қызметкерлерімен барлығы 530 түп тал отырғызылды.
Осылайша, судьялар мен сот қызметкерлері туған қаламызды абаттандыру ісіне өз үлестерін қосты.
Нұргүл Қанатбаева
Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы
[xfvalue_img]