Алкоголь өнімін сатқаны үшін – 40 АЕК айыппұл.
Ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы әкімшілік аумақты тексеру барысында алкоголь өнімін сату фактісін анықтады. Есенберлин көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде сатушы этил спиртінің көлемдік үлесі 40% асатын «Капитал» маркалы алкоголь өнімін 1989 ж.т. А. есімді азаматқа сатқан.
Алкоголь өнімдерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін дүкен иесіне 1994 жылы туылған, Б. есімді азаматқа ҚР ӘҚБТк-нің 200-ші бабының 3 тармағы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Б. есімді азаматқа 40 АЕК (96 200 теңге) көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, лицензияның жоқ болу фактісі бойынша Астана қ. Мемлекеттік кірістер Департаментіне хабарлама жіберілді.
Жыл басынан бері Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 200 бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 150-ден астам факті анықталды.
Еске сала кетсек, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн: сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу – лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі
[xfvalue_img]
25 пікір