Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері автокөлік ұрлығын азайтуға іс-шаралар қолдануда.
Маусымның 17 мен 19 аралығында астаналық полицейлер автобөлшектер сататын базарлар мен орындарды тексеріп, нәтижесінде «із суытпай» 5 автокөлік айдап кету қылмысын және 8 автоаккумулятор ұрлығын ашқан.
Сонымен қатар техникалық қызмет көрсету орындарындары да тексерілді.
Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жанболат Айтбаевтің айтуынша кейбір сатушылар бұйымдарға еш құжат көрсеткен жоқ. Тәркіленген автобөлшектер міндетті түрде қолда бар ұрланған заттардың мәліметі бойынша тексеріліп, шара қолданылатын болады. 70 шақты автокөліктің айналары, шамдары, 50-ден артық акумулятор, 11 автомагнитола, осының бәрі тексерістен өтеді.
Полиция департаменті ескертеді: біле тұра ұрланған заттарды сатып алушыға да ҚР ҚК-нің 196-бабы бойынша қылмыстық жаза қарастырылған.
Нұр-Сұлтан қ.ПД баспасөз-қызметі
[xfvalue_img]