Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бірнеше қалта ұрлығын жасаған әйелді қолға түсірді.
16 маусыда астаналық криминалдық полиция қызметкерлері сауда орталықтарында азаматтардың сөмкесінен немесе қалталарынан ұрлық жасады деген күдікпен 43-жасар Ақтөбе тұрғынын ұстады. Сонымен қатар, ол еліміздің басқа да өңірлерінде қалта ұрлығын жасаған.
Адам көп шоғырланатын орындарда, дүкен мен ірі сауда орындарда сатып алушылардың әмиендері мен ұялы телефондарын қолды қылған. Оның әрекеттері бейне бақылау камераларына да түскен.
Зардап шегушілердің саны көп болуы мүмкін, сондықтан жәбірленушілерді Нұр-Сұлтан қ. ПД (Бейбітшілік, 19) немесе 8(7172) 71-61-71, 71-62-47, 71-60-10, 102 телефондарына хабарласуды сұраймыз.
Сонымен қатар, Полиция департаменті азаматрады өз мүлкіне сақ болуды ескертеді, әсіресе адам көп шоғырланатын орындарда. Жеке мүліктерін қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Нұр-Сұлтан қ.ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
21 пікір