Астана қаласында полиция қызметкерлері ұялы телефондарды сату және жөндеу объектілеріне рейд жүргізді.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара аясында ағымдағы жылғы 02-03 наурызда қолданылған ұялы телефондарды сату бөлімі орналасқан сауда үйлерінде рейдтік іс-шара өткізілді. Аталған рейдтік іс-шаралар бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ ұрланған ұялы телефондарды табуға және ұрланған телефондарды сатып алатын тұлғаларды анықтауға бағытталған.
Рейд барысында қолданылған смартфондарды сату бойынша 200 сауда орындары, оларды жөндейтін 83 шеберхана тексерілді. Полиция қызметкерлері растайтын құжаттарынсыз 1650 ұялы телефонның, 50 ноутбуктың есебі бойынша (көпшілігі «Самсунг» және «Айфон» маркалы телефондар) IMEI-кодтарын салыстыруда және тексеруде.
Қазіргі кезде ұрланған телефон ретінде есепте тұрған 9 мобильді телефон анықталды және алынды, оның ішінде екеуі 2014 және 2015 жылдары Алматы қаласында ұрланған. Алынған мобильді телефондар қылмыстық өндірісі материалдарына қоса тігілді. Ұрланған телефондарды сатумен айналысатын адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар полицейлер біле тұра қылмыс жолымен табылған мүлікті сатып алу және сату фактілерінің алдын алу және ескерту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]