Астананың қымбатты тұрғындары!

Астананың қымбатты тұрғындары!

Бүгінгі баспасөз-конференция Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп өткізіледі,бұлшара қаламызда Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясын өткізудің басталуына арналған. Сонымен бірге конференцияға үкіметтік емес ұйымдар, Ішкі істер департаменті, Білім бақармасы қатысып отыр.

Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы шеңберіндегі іс-шаралар 2018 жылдың 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өтеді. 2018 жылғы науқанның тақырыбы мен ұраны - "Өз мәртебеңді біл".

«Өз мәртебеңді біл» ұраны, бірінші кезекте, халықты өзінің АИТВ-мәртебесін білудің маңыздылығына тартуға және АИТВ-ға тестілеуден өтудің қажеттілігіне хабардар етуге бағытталған.

АИТВ-ға тестілеуден өту және өз мәртебеңді білу – бұл АИТВ-ның алдын алу қағидаларының біріжәне денсаулық сақтау жолындағы маңызды қадам болып саналады. АИТВ жұқпасының эпидемиясын алдын алуда, бүгінгі күні, АИТВ-мәртебесін білу өте маңызды.

Алдыңғы жылдардағы кездесулерде, біз 2020 жылға дейін бүкіл әлем бойынша ЮНЕЙДС-тің 90-90-90 Жаңа стратегиясының іске асырылып жатқанын, яғни, АИТВ-ға мәртебесі оң адамдардың 90%-ы өз мәртебесі жайлы білуі тиіс, өзінің АИТВ-ға мәртебесі оң туралы білетін адамдардың 90%-ы антиретровирустық терапияны қабылдауы тиіс, ал емделіп жүрген науқастардың 90%-да вирустық жүктеме төмен (анықталмайтын деңгейде) болуы тиіс деп айтқан болатынбыз. Осы Стратегия айналасында, қазіргі таңда, барлық елдер бірікті. Басқаша айтқанда, біздің барлық жұмысымыз АИТВ жұқпасын дер кезінде анықтауға және емдеуге бағытталуы тиіс.

Стратегияның алғашқы мақсатын іске асыру бойынша, біз жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Астана қаласында адамдардың 84%-ы өзінің АИТВ оң мәртебесін біледі. Осылайша, жыл сайын тұрғындардың 28-30%-ыАИТВ тестілеуімен қамтылады. 2018 жылдың 9 айы бойынша АИТВ жұқпасына тестілеуден 224 428 адам өтті, алдыңғы 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда тестілеудің көлемі 2,7%-ға ұлғайды, тестілеумен қамту көрсеткіші 20%-ды құрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  ұсынысы бойынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін, жылына тұрғындардың кемінде 10%-н АИТВ тестілеуімен қамту қажет. Тестпен қамтудың осындай жоғары көрсеткіштері, бізге 77% жағдайдың бастапқы сатыларында АИТВ диагностикасын қамтамасыз етуге және тиісінше медициналық көмекті уақтылы көрсетуге, сондай-ақ, емдеуді бастауға мүмкіндік берді. АИТВ-ны ерте анықтау нәтижесінде,ағымдағы жылда өлім-жітім көрсеткіші 1,3%-дан 0,7%-ға дейін, яғни 2 есеге төмендеді.

Тестілеу мәселесіне келетін болсақ, біздің орталығымызда жүргізілетін зерттеулердің сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Нәтижелердің сенімділігіне кепілдік беру үшін, орталықта сапаны қамтамасыз ету жүйесі енгізілген, білікті кадрлармен қамтамасыздандырылған, сапаны сыртқы бағалаудың Халықаралық және Ұлттық бағдарламаларына үздіксіз қатысады, АИТВ диагностикасы сезімталдығы жоғары 4-буындағы тест-жүйелерін пайдаланумен жүзеге асырылады. Халықтың АИТВ-ға, атап айтқанда, негізгі топ құрамына кіретін тұрғындардың тестілеумен қолжетімділігін кеңейту мақсатында, қазіргі таңда, Қазақстанда пилоттық өңірлерде (ШҚО, Павлодар) Үкіметтік емес ұйымдар базасында инвазивті емес жолмен (сілекей бойынша), экспресс-тестілер көмегімен, АИТВ-жұқпасының диагностикасы жүргізіледі. Сондай-ақ, Батыс елдерінің негізгі топ құрамына кіретін тұрғындар арасында,АИТВ-ға экспресс әдіспен өздігінен тестілеуді жүргізу тәжірибесін зерттейміз, оны енгізу жақын арада болуы мүмкін.

Егер статистикалық мәліметтер туралы айтатын болсақ, Астана қаласында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-ның таралуы «Денсаулық» бағдарламасының көрсеткіштерінің шегінен, яғни  0,2%-дан аспайды. 2018 жылдың 9 айы ішінде Астана қаласында ҚР азаматтары арасындаАИТВ-ның 150 жағдайы анықталды. 2017 жылдың 9 айымен салыстыратын болсақ, 20 жағдайға төмен (170 жағдай). 1997 жылдан бастап, өспелі қорытындымен, бірінші жағдай тіркелгеннен бері, ҚР-ның азаматтары арасында 1443 АИТВ жағдайы тіркелген. Көбінесе, АИТВ жыныстық жолмен беріледі, оның 2018 жылдың 9 айдағы үлесі барлық жағдайлардың 79,4% құрады, оның ішінде гомосексуальды берілу жолы -12,7% құрады. Жұқпаның таралуы халық үшін қауіп-қатерді арттырады және өркениетті топтар арасында аурудың таралуына негіз болады. Астанада АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың дамуын анықтайтын факторлардың бірі ішкі және сыртқы көші-қон болып қалуда. Жыл сайын анықталған жағдайлардың 30-40%-ын шетелдіктер және басқа қалалардан келген тұрғындар құрайды. Ағымдағы жылы АИТВ-ның 25%-ы басқа қаладан келгендер және 5%-ы шетел азаматтары арасында тіркелген.

Айта кету керек, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар кешені нәтижесінде, вертикальды берілу жолының үлесі 1%-дан кем құрады. 2018 жылдың 1 қазаны бойынша 989 науқас есепте тұр, оның 63%-ы антиретровирустық терапияны қабылдайды. Жалпы АРТ-ны 616 АИТВ-ға позитивтілер алады, бұл 2017 жылға қарағанда 214 адамға артық, өткен жылмен салыстырғанда АРТ-мен қамту 25,4%-ға өсті. Бүгін біз антиретровирустық терапияны қабылдаудың тиімділігі жоғары екенін айта аламыз. Жыл сайын антиретровирустық терапияны қабылдайтын адамдар саны ұлғаюда. АИТВ-ны емдеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен толығымен тегін жүргізіледі. Антиретровирустық терапияны қабылдайтын және қандағы вирус анықталмайтын деңгейге жеткен адамдар, жұқпаны басқа адамдарға жұқтыра алмайды, бұл емдеу тиімділігінің ең сенімді көрсеткіші және сырқаттанушылықты төмендету жолындағы жетістік болып табылады.

Осы жылы қалалық ЖИТС орталығы өз қызметінде алғаш рет Қазақстандағы АИТВ жұқпасының таралуына Ұлттық деңгейде жауап қайтарумақсатында, негізгі топ құрамына кіретін тұрғындар арасында және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға күтім, қолдау және алдын алу қызметінің қолжетімділігін кеңейту жолымен, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап 2018-2020 жылдарға арналған АИТВ компоненті бойынша Жаһандық қордың грантын алды. Грант шеңберінде, біз 4 Үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп, алдын алу қызметтерді, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға күтім мен қолдау көрсетіп жұмыс жасаймыз. Осы жоба 7 ай ішінде ҮЕҰ арқылы жүргізілген алдын алу қызметіоң нәтижелерге қол жеткізді, және сұранысқа ие екенін көрсетті.

Дүниежүзілік науқан шегінде, қалада түрлі алдын алу іс-шаралары басталды: ашық есік күндері, түрлі тренингтер, көрмелер, «тірі кітапханалар» қағидатындағы кездесулер, вокзалда, әуежайда, ХҚКО-да, базарларда, сауда үйлері сияқты жерлерде ақпараттық акциялар ұйымдастырылады, негізгі акцентті әлеуметтік желілерге, блогерлерді тартуға, вайн-челлендждер және т.б. жасауға жоспарлаймыз, науқанның қорытынды шарасы Астананың ірі ойын-сауық орталықтарының бірінде кең ауқымды акция өткізіледі. Осы іс-шаралардың барлығы бір мақсатпен біріктірілген – әр шарада біздің мамандарымыз әр түрлі форматта АИТВ-ның алдын алу, АИТВ-ға тестілеуден өтудің және АИТВ-мәртебесін білудіңмаңыздылығы туралы айтатын болады.

 

 Астана қаласының ЖИТС орталығы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив