Кім мықты: елордалық мемлекеттік қызметшілер отбасылық спартакиадаға қатысты

Кім мықты: елордалық мемлекеттік қызметшілер отбасылық спартакиадаға қатысты

 Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында (9 қыркүйек) Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті астана қ. Кәсіподақ орталығымен бірлесіп, елорданың мемлекеттік қызметкерлері арасында үздік және спорттық отбасы атағы үшін «Мемлекеттің тірегі - отбасы» спартакиадасын өткізді .

Спорттық жарыстың салтанатты ашылуында астаналық департамент басшысы Жазира Жылқышиева қатысқан отбасыларына сәттілік тіледі және мемлекеттік қызметшілер үшін салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтті.

 «Салауатты өмір салты - үйлесімді және бақытты өмірге сенімді жол, ал ұлт денсаулығы - кез келген мемлекеттің маңызды құндылығы», - деді ол.

Эстафетаға 10 команда қатысты, оның ішінде елорданың Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты, Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, ІІД, Әділет басқармасы және басқалар.

Әр отбасы 6 спорт түрінен сынға түсті: қаппен жүгіру, қақпаға доп лақтыру, қаппен секіру, арқан тарту және т.б.

Қазылар алқасының құрамына - мәслихат депутаттары М. Шекенов пен И. Маңжанова, Астана қаласының кәсіподақ орталығының төрағасы Т.Есентаев қатысты.

І-орынды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің атынан қатысқан Палевичтер отбасы, 
ІІ-орынды  Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Есіл ауданы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының атынан қатысқан Баймұхамбетовтер отбасы иеленсе, 
ІІІ-орынды Астана қаласы Әділет департаментінен қатысқан Иманбаевтар отбасы қанжығасына байлады.

Қазылар алқасының мүшелері дене даярлығын, отбасылық бірлікті және қатысатын командалардың мақсаттылығын атап өтті.

Жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң салауатты өмiр салтын насихаттауы ең басты басымдықтардың бiрiне айналуын атап өткен жөн. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында адамға, оның біліміне, оның әлеуетін дамытуға басты назар аударылады. Бірақ мұның барлығы денсаулыққа қамқорлық жасамай, мүмкін емес.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.