Астанада жаңа декларация қабылданады, ол әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды одан әрі дамыту бағытын анықтайды

Астанада жаңа декларация қабылданады, ол әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды одан әрі дамыту бағытын анықтайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшылар миссиясы 2018 жылғы 25-26 қазан аралығында Астана қаласында өтетін Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Жаһандық конференцияға дайындық мәселелері бойынша Астана келді. Сонымен қатар, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, ДДҰ Бас директорының көмекшісі Наоко Ямамото мен ЮНИСЕФ Атқарушы директорының жаһандық бағдарламалар жөніндегі орынбасары Тед Чайбанның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

МСАК жөніндегі Жаһандық конференцияны үш тарап: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Қазақстанның Үкіметі ұйымдастырып отыр. Оған ДДҰ мүше 100 аса елден делегация шақырылған, олардың делегациясы құрамына денсаулық сақтау министрлері, әлемге танымал сарапшылар, меценаттар мен спикерлер, негізгі үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ БҰҰ агенттіктерінің бірінші басшылары кіреді.

«1978 жылы Алматы Декларациясы баршаның денсаулығына қол жеткізудің негізгі стратегиясы ретінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті насихаттайтын алғашқы халықаралық декларация болып танылды. Одан кейінгі денсаулықты нығайту, денсаулықтың әлеуметтік детерминаттары және жалпыға бірдей денсаулық сияқты басқа да маңызды қозғалыстар Алматы декларациясының бірегей қағидаттары мен құндылықтары – әділеттік, ынтымақтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген» - деп атап өтті ДДҰ Бас директорының көмекшісі Наоко Ямамото өз сөзінде.

Алдағы конференция денсаулықты сақтаудың бастапқы буынының халықтың денсаулығын қолдаудағы маңыздылығы мен мәнін тағыда атап өтпек. Оған шамамен 1200 қатысушы келеді деп күтілуде, олардың ішінде 800-ін шетелдік қонақтар құрайтын болады.

Астанада әлемнің барлық елі ДДҰ-ның МСАК жөніндегі жаңа декларациясын қабылдайды, ол әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды одан әрі дамыту бағыттарын анықтайды. Конференция кезінде жоғары деңгейдегі 6 пленарлық отырыс, 18 қатар өтетін сессия өткізу жоспарлануда.

Конференцияның бірінші күні саяси көшбасшылардың денсаулықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек арқылы сақтауға адалдығын атап өту үшін конференцияға шақырылған Мемлекет басшыларымен кездесу өткізілетін болады.

«Бұл жай ғана конференция емес. Бұл жерде конференциядан кейін көптеген жылдар бойы бүкіл әлемде тұрақты негізде күшті, әділ медициналық-санитариялық алғашқы көмектің адалдығын қамтамасыз ететіні және ешкімді медицинадағы бірінші буын - медициналық көмек арқылы назардан тыс қалдырмауды қамтамасыз ететіні туралы сөз қозғалып отыр» - деп түсіндірді Елжан Біртанов.

Наоко Ямамотоның айтуынша қазақстандық медиктер баршаның денсаулыққа қол жеткізуі жолындағы қозғалысты дамытуға қарқынды қадам жасағанын атап өту маңызды, бұл денсаулық сақтау қызметтерімен баршаны түгел қамту үшін негіз болып табылады және алдағы жылдардағы іс-әрекеттердің, насихаттаудың негізін қалайды.

Конференцияда МСАК-тың басқа қызметтермен интеграциясының рөлі, адами ресурстар мен кадрды жоспарлаудың рөлі, МСАК-тыңсозылмалы инфекциялық ауруларды басқарудағы рөлі, әлемдегі микропқа қарсы резистенттік проблемасы, денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелердің, цифрландырудың және инновацияның рөлі, МСАК-тың халықтың егде тартқан буынымен жұмысының рөлі сияқты және басқа да мәселелердің талқыланатынын атап өту қажет.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.