АҚТӨБЕДЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ 50 САРБАЗЫ БІЛІМ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

АҚТӨБЕДЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ 50 САРБАЗЫ БІЛІМ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Әскери қызмет – азаматтық борышты өтеу ғана емес, болашаққа жол ашатын маңызды кезең.

Мұны Ақтөбе қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 50 сарбаздың жетістігі айқын дәлелдейді. Олар мерзімді әскери қызметін аяқтағаннан кейін еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Әскери бөлімнің саптық алаңында білім гранттарының иегерлеріне арнайы сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Аталған мүмкіндік жауынгерлік қызметте және жауынгерлік даярлықта жоғары нәтиже көрсетіп, әскери тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін танытқан сарбаздарға берілді.

Бұл – жастарды әскери қызметке ынталандыруға, олардың білім алуына және болашақта кәсіби тұрғыда қалыптасуына бағытталған «Сарбаз 2.0» бағдарламасының игілігі.

Грант иегерлерінің бірі, қатардағы Дархан Сырымбет үшін бұл жаңалық үлкен қуаныш әрі болашаққа жасалған маңызды қадам болды.

-Ұлттық ұлан қатарында азаматтық борышымды өтей жүріп, “Сарбаз 2.0” бағдарламасы арқылы бала кезімнен армандаған жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігіне ие болдым. Бұл – мен үшін үлкен қолдау. Болашағыма жол ашып, Отан қорғаушы ретінде қалыптасуыма ықпал еткен, өз тәжірибелерімен бөліскен командирлеріме ерекше алғысымды білдіремін, – дейді болашақ студент.

Салтанатты рәсім соңында сарбаздар естелік суретке түсіп, әскери бөлім басшылығына көрсетілген қолдау мен жасалған мүмкіндік үшін ризашылықтарын жеткізді. 

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.