ОРАЛДА 200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗҒА ЖЕКЕ ҚАРУ ТАБЫСТАЛДЫ

ОРАЛДА 200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗҒА ЖЕКЕ ҚАРУ ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде жас сарбаздарға жеке қару табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында әскери бөлімге жаңадан қабылданған 200-ден астам сарбазға өздеріне бекітілген штаттық қару табысталды.

Әскери бөлім командирі подполковник Асылхан Ишниязов жас жауынгерлерді маңызды оқиғамен құттықтап, әскери қызметтегі қарудың орны мен оған артылатын жауапкершілікке ерекше тоқталды.

«Қару табыстау – әрбір әскери қызметші үшін маңызды әрі жауапты сәт. Бұл – Отан қорғаушысы ретінде қалыптасу жолындағы үлкен қадам. Сеніп тапсырылған қаруды ұқыпты ұстап, әскери тәртіпті сақтап, ел алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқарасыздар деп сенемін», – деді әскери бөлім командирі.

Саптық алаңда өткен салтанатты рәсім жас сарбаздардың әскери өміріндегі есте қаларлық сәттердің біріне айналды. Өйткені жеке қаруды қабылдау – жауынгердің әскери міндеттерді орындауға деген жауапкершілігін арттыратын маңызды кезең.

Солардың қатарында мерзімді әскери қызметтегі қатардағы жауынгер Бекболат Елзат та бар. Ол өзіне бекітілген қаруды қабылдау сәтіндегі толғанысын жеткізді.

«Мен үшін бүгінгі күннің орны ерекше. Бұл – командирлеріміздің бізге артқан сенімінің белгісі. Сол сенімді ақтап, әскери борышымды адал атқаруға, қаруды күтіп ұстауға және Отан алдындағы міндетімді абыроймен орындауға бар күшімді саламын», – деді жас сарбаз.

Айта кетейік, жеке қару табыстау рәсімі – әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын қалыптастырудағы маңызды кезеңдердің бірі. Алдағы уақытта жас сарбаздар қаруды қолдану тәртібін меңгеріп, атыс даярлығы бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіреді.

Осылайша, 5517 әскери бөлімінің жас толықтырылымы әскери қызметтің жаңа кезеңіне қадам басты. Оларды алда Отан алдындағы жауапты міндеттер, әскери машықты шыңдау мен жауынгерлік даярлықтың жаңа белестері күтіп тұр.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.