Петропавлда полицейлер құқықтық тәртіпті сақтауға көмектескен Ұлттық ұланның әскерилерін марапаттады
Петропавл қаласы полиция басқармасы ғимаратының алдында өткен гарнизондық сап түзеу барысында ҚР Ұлттық Ұланы 6637 әскери бөлімінде мерзімді отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз бен осы бөлімде келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген үш әскери қызметшіні полицейлер марапаттады. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының соңғы күнінде оларға полиция департаменті басшылығының алғыс хаттары табысталды.
Ефрейторлар Леонид Манузин мен Азамат Ақмылтықов, сондай-ақ қатардағы Жасұлан Ізтай есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмысты ашуға көмектескені үшін, ал, санитарлық нұсқаушы, кіші сержант Ербол Гузманов осы жылдың көктеміндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар кезіндегі жанқиярлық әрекеттері үшін марапат алды.
«Күн сайын ҚР Ұлттық Ұланы 6637 әскери бөлімінің 100-ден астам әскери қызметшісі Петропавл көшелерінде полицияның кешенді күштерінің құрамында құқықтық тәртіпті сақтауға жұмылдырылады. Жыл басынан олардың көмегімен облыс орталығының аумағында 9 қылмыс ашылып, ондаған әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің сауатты іс-әрекеттері мен жоғары кәсібилігі құқықтық тәртіпті нығайтуда, өңір қонақтары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өте қажет және маңызды», – деп атап өтті СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов.
Игорь Мецралов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]
1 пікір