Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам Қазақстанда экологиялық білім беруді дамыту үшін күш біріктіреді

Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам Қазақстанда экологиялық білім беруді дамыту үшін күш біріктіреді

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Coca-Cola İçecek Kazakhstan және «Жасыл экономика» мен G-Global-ды дамыту коалициясы «ReStart» жобасының 11-маусымын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды 

Астана, 2026 жылғы 5 қараша – «Astana ESG Forum 2026» аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясы және «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ арасында «ReStart» жобасының 11-маусымын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою рәсімі өтті.

Жоспар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ауқымды экологиялық апат қаупіне қатысты алаңдаушылықты ескере отырып, студент жастарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және Қазақстанда айналмалы экономиканы дамытуға тарту мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

Қол қойылған Жоспардың мақсаты – экология, тұрақты даму және экологиялық білім беру салаларындағы бастамаларды жүзеге асыру үшін мемлекет, азаматтық қоғам және бизнес арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл платформасын қалыптастыру.

Жоба экологиялық мәдениетті дамытуға, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге және еліміздің жоғары білім беру жүйесіне «жасыл экономика» қағидаттарын енгізуге бағытталған. Жоспардың негізгі міндеттері қатарында экологиялық білім беру мен тәрбие саласындағы жастар бастамаларын қолдау; жоғары оқу орындарында студенттік экоклубтар мен ғылыми қауымдастықтарды дамыту; қалдықтарды бөлек жинау жобаларын жүзеге асыру және «жасыл кампустарды» дамыту; «жасыл» жобаларды ілгерілету, серіктестер мен инвесторларды тарту және басқа да бағыттар бар.

Жоспар өткен жылы «ReStart» атауымен жаңа форматқа көшкен CCI Kazakhstan компаниясының табысты «3.2.1. Start!» жобасының он жылдық тәжірибесі мен жетістіктеріне негізделіп, тұрақты даму мен экологиялық ағарту бағыттарын кеңейте түсті және пластикті бөлек жинау және қайта өңдеу мәдениетін дамытатын ең ірі экологиялық платформаға айналды.

2024 жылы жобаның 9-маусымына Қазақстанның 7 өңірінен 14 жоғары оқу орны қатысып, 100 мыңнан астам студентті біріктірді. Бір жыл ішінде қатысушылар 35 тоннадан астам пластик қалдығын жинап, алдыңғы маусымның көрсеткішінен асып түсті.

2025 жылы жобаның мерейтойлық 10-маусымында оның географиясы мен қатысушылар саны едәуір артты - Қазақстанның 10 өңірінен 23 жоғары оқу орны қатысты. Қатысушылар 67 тоннадан астам пластик қалдығын жинап, кейін бұл қалдықтар қайта өңдеуге жіберіліп, жаңа бұйымдар өндіруге пайдаланылды.

Жоба жүзеге асырылған жылдар ішінде ондаған студенттік эко-клуб құрылып, қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша көптеген бастама әзірленді, олардың көбі университеттерде тұрақты тәжірибеге айналды.

«ReStart» бастамасы тұрақты дамудың жаңа кезеңіне жол ашып, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыруға қосқан үлесіне айналуды көздейді.

«Экологиялық білімнің пайдасы теориялық білім тәжірибемен ұштасқанда арта түседі. Университеттер қалдықтарды бөлек жинау жүйесін ұйымдастырудан бастап студенттердің экологиялық жобаларын іске асыруға дейінгі шешімдерді әзірлеп, енгізетін алаңға айнала алады. ReStart аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру табысты тәжірибелерді кеңінен таратуға және оларға жастарды көбірек тартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Жасыл экономика» мен G-Global-ды дамыту коалициясының басқарма төрайымы Әлия Рахымбекова.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет Дүйсенбайұлы атап өткендей:

«Іс-шаралар жоспарын бекіту – экологиялық жауапкершілігі жоғары азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Университеттер жасыл технологияларды енгізу және тұрақты даму тәжірибелерін ілгерілету орталықтарына айналып келеді. Осыған байланысты Министрлік экологиялық бағдарламаларды оқу жоспарларына енгізуге, сондай-ақ университеттер базасында қалдықтарды басқарудың тұрақты модельдерін дамытуға жәрдемдеседі».

Тараптардың пікірінше, Жоспарды іске асыру «ReStart» жобасының табысты тәжірибесін бүкіл елге таратуға, жоғары оқу орындарының қызметіне тұрақты даму қағидаттарын енгізуге, университет қауымдастығының экологиялық мәдениетін нығайтуға және академиялық қауымдастық, бизнес пен азаматтық сектор арасындағы серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.