10 өңір мен 23 жоғары оқу орны: Қазақстанда ReStart экологиялық сенбіліктерінің қорытындысы жасалды

10 өңір мен 23 жоғары оқу орны: Қазақстанда ReStart экологиялық сенбіліктерінің қорытындысы жасалды

Қазақстанда пластикті бөлек жинау және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға бағытталған, көпшіліктің тиімді жастар экоплатформасы деп атап жүрген ReStart республикалық экологиялық жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Жоба аясында экотренингтер мен басқа да іс-шаралар, сондай-ақ 2026 жылдың наурыз айының соңынан мамыр айының басына дейін Қазақстанның 10 өңірінде студенттер мен эко-еріктілердің қатысуымен экологиялық сенбіліктер сериясы өтті.

ReStart студенттерді экологияға қамқорлық жасау идеясы төңірегіне біріктіріп, тіпті шағын әрекеттердің маңызды нәтиже бере алатынын көрсетуде. Ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен "Жасыл экономика және G-Global даму коалициясы" ЗТБ және Coca-Cola Içecek Kazakhstan болып табылады.

Сенбіліктерді өткізу кезеңінде бастамаға еліміздің 23 жоғары оқу орны мен 631 қатысушы қатысты. Қазіргі таңда жиналған пластиктің жалпы көлемі 4 406,8 кг құрады.

Экологиялық акциялар Қызылорда, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Петропавл және Астана қалаларын қамтыды. Пластиктің ең көп көлемін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері - 1 800 кг жинады. Екінші нәтижені Қарағанды университетінің Қазтұтынуодағы – 625 кг, үшінші орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 530 кг нәтижемен көрсетті.

Сенбілік кезінде қатысушылар пластик жинап қана қоймай, Zero Waste қағидаттары, қалдықтарды сұрыптау ережелері және экологиялық жауапты мінез-құлық бойынша ақпарат алды. Іс-шара аясында жобаның алдын ала қорытындылары жасалып, қатысушылардың жоғары оқу орындарының жалпы экологиялық жарысына қосқан үлесі туралы айтылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ReStart жобасы жүзеге асырылған жылдар ішінде тұрақты даму мен экологиялық жауапкершілік мәселелері төңірегінде студенттерді, эко-белсенділерді, жоғары оқу орындары мен бизнесті біріктіретін маңызды алаңға айналды. 2026 жылы жобаның 10-шы маусымы жүзеге асырылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.