Петропавлда 3 айда 1,4 мыңнан астам интернет-алаяқтықтың жолы кесілді
https://youtube.com/shorts/uCZYqdC1zIc?feature=share
СҚО ПД бастығы Абай Жүсіпов Петропавл қ. полиция басқармасының бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізді. Бұл — облыстағы ең ірі бөлімше, онда қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмысы ең қарқынды жүргізіледі.
Қалалық полицияның бастығы Серік Әлжанов жалпы тіркелген қылмыстар санының 11,3%-ға төмендегенін, оның ішінде аса ауыр санаттағы қылмыстардың 54,5%-ға азайғанын баяндады. Бопсалау деректері 25%-ға, тонау 33%-ға қысқарды. Бөтен мүлікті ұрлау, оның ішінде пәтер ұрлығы 21%-ға азайды.
Негізгі проблемалардың бірі — интернет-алаяқтық болып қалып отыр: бұл бағытта төмендеу небәрі 2%-ды құрады. Сонымен қатар, мақсатты профилактикалық жұмыстың арқасында жыл басынан бері 1441 қылмыстың алдын алу мүмкін болды. Қала тұрғындары алаяқтармен сөйлесуді дер кезінде тоқтатып, материалдық шығынға ұшыраған жоқ — бұл тек полицияға хабарланған жағдайлар.
Абай Жүсіпов Петропавл қ. ПБ жұмысында оң нәтижелер аз еместігін атап өтті. Сонымен қатар, ол профилактиканы күшейту, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйде жасалатын қылмыстар және өзге де бағыттар бойынша алдын алу жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді. Бұл шаралар қала аумағындағы криминогендік жағдайды талдау мен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының негізгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
