Петропавлда полиция мен прокуратура басшылығы құқықтық тәртіпті бақылауда

Петропавлда полиция мен прокуратура басшылығы құқықтық тәртіпті бақылауда

https://youtube.com/shorts/P2A-DcGLzzM?feature=share 

Құқық бұзушылықтардың алдын алу — жазалаудан гөрі маңызды. Осы ұстаныммен полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен демалыс күндері қарсаңында кешенді профилактикалық іс-шара өткізді. Жұмысты Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов, сондай-ақ қала прокуроры Ғалымжан Әубәкіров пен облыстық прокуратура басқармасының бастығы Саян Аскаров басқарды. 

Полицейлер 120-дан астам адамды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Негізгі назар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға, бұрын сотталғандарға, отбасылық жанжал шығарушыларға және есепте тұрған өзге де санаттағы тұлғаларға аударылды. Анықталған құқық бұзушылықтар жекелеген сипатта болып, бақылауға алынды. 

Ерекше назар ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарға аударылды. Заң бұзушылықтар анықталған жоқ — әкімшілік пен келушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Осындай түсіндіру жұмыстары Петропавл көшелерінде және адам көп жиналатын орындарда жастармен де жүргізілді. 

Жалпы рейд барысында 61 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетіні — қоғамдық орындарда алкоголь ішу және мас күйінде болу. Полицейлер осындай 21 деректі тіркеді. Барлық құқық бұзушылар түнді уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында өткізді, олардың тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерге жол берілген жоқ. 

Құқық қорғау органдарының негізгі міндеті өзгермейді — жазалау үшін жазалау емес, одан да ауыр салдардың алдын алу. Мұндай іс-шараларды өткізу қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтар арасында заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын қалыптастыруға бағытталған. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.