Петропавл полициясының басшысы халық алдында есеп берді » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Петропавл полициясының басшысы халық алдында есеп берді

Петропавл полициясының басшысы халық алдында есеп берді

https://youtube.com/shorts/qkqdZZm7VwE?feature=share

Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев қала тұрғындарының алдында есеп беру кездесуін өткізді. Құқық қорғау органдарының жұмысын талқылау үшін қалалық мәдениет үйінің залында прокуратура, «Amanat» партиясының өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары жиналды.

Полиция полковнигі Жұмалиев тіркелген қылмыстардың саны 9,1%-ға (2323-тен 2112 фактіге дейін) азайғанын, ал ашылу деңгейі 53,1%-дан 59%-ға дейін өскенін хабарлады. Ұрлық (702-ден 534-ке дейін) пен тонаудың (31-ден 21-ге дейін) азайғаны ерекше байқалады, ал тонау қылмыстары толығымен ашылады. Интернет-алаяқтық саны да төмендеді – 591-ден 566 фактіге дейін.

Марат Жұмалиев өз баяндамасында полиция жұмысының барлық бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ ол өткен жылдың маңызды оқиғаларын еске салды: су тасқыны кезіндегі жанқиярлық жұмыс, Бірлік шағын ауданында жаңа учаскелік полиция пунктінің ашылуы, киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл бөлімшесінің құрылуы.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қалалық полиция цифрлық сервистерді белсенді дамытуда. «102» жедел арнасына бір жыл ішінде 42 мыңнан астам қоңырау, ал «102» мобильді қосымшасына 287 хабарлама келіп түсті. Адамдар көп жүретін жерлерде 15 «SOS» батырмасы орнатылды. Қаланың барлық мектептері «дабыл батырмаларымен» жабдықталған, аталмыш батырмаларды қоғамдық көліктерге де орнату жоспарда бар.

Кездесу соңында Марат Жұмалиев қала тұрғындарының абаттандыру, жол қауіпсіздігі және қаңғыбас жануарлар мәселесі туралы сұрақтарына жауап берді.

Петропавл полициясы қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі және жайлылығы үшін барлық жағдайды жасайды.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.