Әлемнің әлуеттілерінің кеңістіктік елесі жайында
«Елестету - бұл бәрін қамту. Бұл алдағы
оқиғалардың алдынала көрінісі». Альберт Эйнштейн
Бір қарағанда бұл тақырып адамзаттың өзекті мәселелерінен және әлемдегі аласапыран процестерден алшақ болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ, бұл жалғанда адамзаттың амандығы мен сіз бен біздің баға жетпес өміріміздің қауіпсіздігі жайлы нағыз өзекті тақырып. Тақырыпта үйреншікті емес көзқарастар қамтылған: кеңістіктік елестетудің мүмкіндіктерін мейілінше кең пайдаланып, ғарыштың шексіз кең панорамасын және онда болып жатқан таңғажайып құбылыстарды қарастыра отырып, ғаламдық призма арқылы заттар мен құбылыстардың нақты мәні мен мағынасын саралау негізінде жердегі тіршілікті сақтаудың аса маңыздылығы мәселесіне айырықша көңіл бөлінеді. Өмірдің барлық маңыздылығын тағы бір рет аса жіті түсіну және осы ұсынылып отырған тұжырымдаманың әрқайсымыз үшін маңыздылығын назар аудару үшін алдымен адам мен өмірдің философиялық байламына жүгінейік. Әлемде адам өмірінен құнды ештеңе жоқ және осыны естен шығармау адамзаттың барлығына ортақ қасиетті міндет болуы керек. Жер беіндегі әрбір адам өмірі мен жалпы адамзат тіршілігіне қандай жаҺандық қауіп төніп тұр? Ең алдымен, әрине, адамзаттың және жер бетіндегі барлық тіршіліктің өмір сүруіне ең үрей тудыратын қатер – ядролық соғыс қаупі. Ядролық қарудың қазіргі нақты қоры жердегі барлық тіршілікті бірнеше рет жойып жіберуге жеткілікті екені белгілі. Бұл ядролық соғыстан кейін жан-жануарлар түгіл тіпті бірде-бір тірі микробтың қалмайтынын білдіреді. Барлығы бүкіл жерді шарпыған мыңдаған градус жалынында жанып кетеді. Әрине, беті аулақ болсын пәленің.
Айта кетер болсақ, ядролық державалардың «осы әлемнің әлеуеттілері» саусақтарын атом зымырандарының атқылап ұшыру түймешесінің бетінде ұстап тұрғандары анық. Бұл қатарда адамдардың атом электр станцияларына байланысты үрейін қоса айта кеткен жөн, өйткені Чернобыль, Фукусима атом станцияларының апттары жұртшылықтың есінен кетер емес. Егер бүкіл адамзаттың тіршілігіне қауіп төніп тұрса, олардың алдын алу жолдары бар ма? Әрине, бар. Басқа балама жоқ. Сондықтан, жаппай апаттан құтқарудың негізгі тетіктері «осы әлемнің әлеуеттілерінің» қолында екені түсінікті. Егер, олар қазіргі апаттық жағдайдың ерекше маңыздылығын елестетіп, түсіне алса, мәселелер шешіледі деген ойдамыз. Сонымен, бұған не ықпал етуі мүмкін? Бұл үшін ең басты маңызды шара - жер бетіндегі әрбір адамның «кеңістіктік елестету» қабылетін дамыту.
Адам өз өмірін жер бетіндегі тіршілік ету ортасынан тыс елестетуі қиын. Көптеген адамдар әлемді өздерінің периметрі бойынша шектелген көкжиектен тыс қарастра алмайды. Күнделікті өмірде барлық заттар сол «кеңістіктегі» тиісті орындарды алады. Кеңістіктің көрінетін және көрінбейтін бөлігі бар. Көрінетіні - мәні бойынша салыстырмалы түрде айқын. Олардың кейбіреулерін біз көре аламыз және олар туралы белгілі бір пайымымыз бар. Бірақ бұл пайымдаудың жеңілдетілген түрі. Адамның іс-әрекетінде кеңістіктік елестету (қиял) әртүрлі мақсаттарға қызмет етеді. Елестету бізге көбінесе болашақтың бейнелі модельдерін, қазіргі уақытта жоқ немесе көрінбейтін объектілерді құруға көмектеседі: бұл ойлаудың, есептерді тұжырымдаудың көмекші әдісі, белгілі бір мәселені шешудің пайдалы құралы. «Кеңістіктік елестету» адамға өз іс-әрекеттерін алдын-ала ойластыруға, нәтижені ойша елестете отырып, саналы түрде мақсат қоюға мүмкіндік береді. «Кеңістіктік елестету» негізінде кеңістіктік ойлау да қалыптасады. Бұл «көрінетін» және «көрінбейтін» кеңістікте бағдарлауды қажет ететін мәселелерді шешумен байланысты ақыл-ой әрекетінің ерекше түрі. Айта кету керек, ойлаудың ең дамыған формалары – бұл ең маңызды кеңістіктік қасиеттер мен қатынастар шоғырланған үлгілермен ойлау. Бірақ сана деген не?! Тиісті ғылыми анықтамаға жүгінейік: «Сана - бұл объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары формасы. Сана - адамның объективті әлемді және өзінің болмысын түсінуге белсенді қатысатын психикалық процестердің бірлігі. ... Сана өз кезегінде оны анықтау және реттеу арқылы осы әрекетке әсер ету үшін әрекет арқылы қалыптасады. Іс жүзінде өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыра отырып, адамдар табиғатты, қоғамды және сол арқылы өздерін өзгертеді" (Философиялық сөздік, М.: Саяси әдебиеттер баспасы, 1981, 335-336 беттер). Тарихи процестер барысында қоғам қалыптастырған сана нормалары адамның әлем туралы жеке идеяларына, іс-әрекеттерге деген сенімдеріне, адамгершілік ережелерінің қайнар көздеріне айналады. Тиісінше, қоғамдық құндылықтардың қатарына енгізілген маңызды жеке идеялар мен сенімдер мінез-құлық нормаларының сипатын ала отырып, қоғамдық сананың құрамына кіре алады. Осылайша, қоғамдық сананы Жердегі өмірді сақтау, адамдарға қолайлы орта, ұрпақтар үшін табиғатты қорғау мақсаттары үшін жоғары моральдық принциптер негізінде қалыптастыруға болады. Шынында да, адамзаттың ғаламат күші (табиғатты бағындыруға және өркениетті дамытуға қабілеттілігі) өскен сайын, оның алдында тұрған міндеттер де сәйкесінше өсуде. Қарастырылып отырған мәселеге байланысты мынадай сұрақ туындайды: «Кеңістіктік елестету» мен позитивті сананың саясаткерлердің, әсіресе үлкен билікке ие саясаткерлердің қызметіндегі рөлі қандай? Бұл мүлдем селқос сұрақ емес. «Осы әлемнің әлеуеттелері» мен беделді саясаткерлердің қызметі мен әрекеттеріне біздің әрқайсымыздың - жер бетіндегілердің өмірі, денсаулығы мен психикалық жайлылығы көп жағынан байланысты. Сонымен, ғаламдағы «орнымызды» бейнелеп, анықтау үшін және соған сәйкес жердегі тіршілікті сақтаудың ерекше маңыздылығын түсіну үшін кеңістіктік елестетуімізді мүмкіндігінше жандандыра байланыстырайық. Аспанға «тереңірек» үңілуге тырысайық. Ғалам - бұл бізді қоршаған бүкіл әлемді қамтитын іргелі ғылыми түсінік. Көбінесе, іс жүзінде ғалам зерттеуге болатын материалдық әлемнің бөлігі ретінде қарастырылады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесі таным тәсілдерінің түбегейлі өзгеруі және сәйкесінше осы зерттеулер негізінде қалыптасатын әлем бейнесі болды. Жаңа техникалық жетістіктердің арқасында «бақылауға» алынатын ғаламның аумағы қыруар есе кеңейді. ХХ ғасырдың басында ғалымдар аспандағы жұлдыздар «жұлдыздар шоғырына» топтасатынын анықтап, олар өз кезегінде галактикаларды құрайды деген қорытындыға келді. Көршілес жұлдыздар арасындағы қашықтық шамамен бірнеше жарық жылын құрайды («жарық жылы»-жарықтың бір жылда өтетін қашықтығы). Табиғаттағы ең үлкен жылдамдық жарық жылдамдығы екені белгілі. Бір секундта жарық 300 мың шақырым жүйткіп өтеді. Сонымен, Жерімізге ең жақын Альфа Центавра жұлдызынан жарық бізге 4 жылдан кейін ғана ұшып келеді (салыстыру үшін, қазіргі заманғы ұшақ бұл жұлдызға шамамен 4 миллион жыл бойы тоқтаусыз ұшатын болар еді). Кейінірек галактикалардың кластерлері (шоғырлары) , содан кейін галактикалардың суперкластерлері табылды. Осылайша, ғаламның құрылымы - бұл алып жұлдыздар шоғыры-галактикалар мен олардың жүйелері әртүрлі кеңістіктік масштабта орын алады. Сонымен, галактикада қанша жұлдыз бар? Қойылған сұрақтың жауабы галактика түріне байланысты. Біздің галактика - Құс жолы ( оның жұлдыздарының бірі - біздің Күніміз) шамамен 200 миллиард жұлдызды құрайды. Ғаламда триллион жұлдызы бар галактикалар да кезігеді. Бірақ, біз бұған байланысты мәселемізді мүмкіндігінше жеңілдетейік. Шамамен орташа сандарды алайық. Галактикада миллиардтаған жұлдыздар бар, ал ғаламда миллиардтаған галактикалар бар деп есептейік. Бұл шындықтан алыс емес. «Кеңістіктік елестету»-ді белсенді түрде қолданып, әлемнің нағыз керемет және жұмбақ ғаламаттылығын көз алдымызға келтіретін уақыт келді деп ойлаймын. Енді міні біздің қиялымыз ғаламды елестетуге және әлемнің осы орасан зор бөлігін сізбен біздің үлкен болып көрінетін жермен сәйкестендіруге жеткілікті ме? Біздің көзіміз жеткендей: ғалам орасан зор. Енді, осындай ғаламат кеңстікте біздің Жерімізден тыс планеталарда тіршілік бар ма ? – деген орынды сауал туындайды. Ғаламда біз сияқты ақылды тіршілік иелері бар ма? Және олардың тәжірибесіне сүйене аламыз ба? Сонымен, SETI - (Search for Extraterrestrial Intelligence - Жерден тыс бөтен ақыл-ой иелерін іздеу) бағдарламасы бойынша космостан келетін қандай да болмасын «жасанды» сигналдарды мақсатты іздестіру ешқандай нәтиже бермеді. Бұл ізденіс күткендей болды. Ғалымдардың зерттеулерінің барлық нәтижелері сенімді түрде біздің «соңы мен шеті жоқ шексіз ғаламат әлемде» жалғыз екеніміздің дәлелі. Бұл ғылыми нәтиже - қандайда болмасын мемлекетінің «қарапайым әр пендесінен бастап, аса жауапты қызметтегі басшысына» дейінгі әрбір жер тұрғынын біздің Жер-анамызға және оның бетіндегі барлық тіршілікке аса қамқорлықпен қарау қажеттілігі туралы ойлауға мәжбүр етуі керек. Өйткені, қазіргі қауып-қатерге толы «нәзік әлем» адамдарының «бұл маған қатысты емес» деген немқұрайлылық психологиясы өте зиянды. Жер бетіндегі өмірге қауіп төндіретін барлық апаттардың алдын алу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) адамзат пен басқа да тіршіліктің жойылып кету қатерінен құтқару ісіндегі құқықтары мен құзыретін мейілінше көтеру керек. БҰҰ-ның басқаруымен жержүзі мемлекет басшылары мен әскери ведомстволар басшыларының «кеңістіктік елестеу» қаблетін дамыту үшін қажетті шұғыл шаралардың міндетті тізбесін және космология бойынша қысқаша көрнекті құралдар мен оқулақтарды әзірлеуі мақұл болар еді. Оларды көрсету үшін ғарыштың шексіз кеңістігінде Жердің орны туралы деректі фильмдер жасау керек. Осыған сүйене отырып, мемлекеттегі ең жоғары лауазымды басшыларға (президенттер, премьер-министрлер мен жоғары қызметке үміткер саясаткерлерге) космология негіздерін, әлемнің ғаламаттылығы мен бірегейлігін философиялық тұрғыдан түсіну, ғаламның барлық зерттелмеген «кеңістігінде» жердегі тіршіліктің бірегейлігін енгізу керек. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына мәтіні мынадай бап қосылса дұрыс болар еді: «Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің ең жоғары лауазымды тұлғалары БҰҰ-ның космология (Ғалам туралы ғылым, оның пайда болуы мен дамуы) жөніндегі сараптамалық кеңесінде тест тапсыруға міндетті». Ал барлық мемлекеттердің орта және жоғары оқу орындарының оқулықтарына «Біз және Ғалам» тақырыбынның бағдарламасын мына бағытта енгізу қажет: «Космология: кеңістіктік елес, кеңістіктік сана және кеңістіктік пайымдау». Осының негізінде өмірдің «өзіндік құндылығы» туралы тұрақты түсінік мен дүниетанымдық сана қалыптасатыны даусыз. Бұл адамзаттың алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы үміттеріне айтарлықтай оң әсер ететіні анық. Осылардың бәрі жер бетіндегі әр пенде мен «әлемнің әлеуеттілерінің» «кеңістіктік елестеу» қабілетін жетілдіріп, олардың адам өмірі мен жер бетіндегі жалпы тіршілікті сақтау туралы игілікті де ізгілікті көзқарасын қалыптастыратыны айқын. Сондықтан, белгілі француз жазушы Антуан де Сент Экзюперидің мына баға жетпес ойын келтіру орынды: «Болу үшін алдымен жауапкершілікті мойынға алу керек». Осы орайда айтар болсақ, адам өмірі, жалпы тіршілік пен қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі Жер бетіндегі барлық азаматтардың қасиетті міндеті!
Нақыпбек Садуақасов, заңгер-құқықтанушы, публицист
[xfvalue_img]

1 пікір