«Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы қауіпті құбылыстардың бірі»
Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы қауіпті құбылыстардың бірі. Яғни, қай ортада болмасын аса өзекті мәселеге айналып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу, оның қоғам үшін, мемлекетіміздің дамуы үшін аса қауіпті, әлеуметтік қасірет екендігі туралы болмақ.
Осы үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқолрлықпен күрес туралы» Заңының 2-бабында мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіліктерін өзгеше пайдалануы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу және оны жұмыс барысында болдырмау шараларын қолға алу, осы сипаттағы іс-әрекеттерге жол бермеу, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан судьялар мен сот қызметкерлеріне қатысты мүмкін болатын жемқорлық әрекеттеріне мейлінше тосқауыл қою сынды сұрақтарды талқыға салу және оны орындау.
Соңғы кездері бұл тақырып қай ортада болмасын, аса өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті алдын алу әрекеттері қолға алынуда. Мәселен, мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде дөңгелек үстелдер, жиналыстар, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер өткізілуде. Сондай-ақ, осы тақырып аясында БАҚ беттерінде мақалалар жариялануда.
Осы отырған әрқайсыларыңнан мемлекетіміздің нормативтік-құқықтық актілерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын-алуын дәріптейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодексін, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын бұлжытпай орындау талап етіледі.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы - сот
отырысының хатшысы И.С.Нургалиева
[xfvalue_img]