Бейжіңде «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қатысуымен Қазақстандағы ірі энергетикалық жобалардың бірі бойынша кредиттік келісімдерге қол қойылды

Бейжіңде «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қатысуымен Қазақстандағы ірі энергетикалық жобалардың бірі бойынша кредиттік келісімдерге қол қойылды

2026 жылғы 13 мамырда Бейжің қаласында «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС Ақтауда қуаттылығы 160 МВт бу-газ қондырғысын салу жобасы аясында қытайлық банктер синдикатымен кредиттік келісімдерге қол қойды.

Қаржыландыруды Қытай мемлекеттік даму банкі, Қытай өнеркәсіптік-сауда банкі және Қытай өнеркәсіптік-сауда банкінің Алматы қаласындағы филиалы ұсынады. Тартылған қарыз қаражаты жоба құнының 70%-ына дейін жабуға мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы құны 1,5 млрд юаньды немесе шамамен 125,6 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 1,05 млрд юань (87,9 млрд теңге) банк қаржыландыруы есебінен, ал тағы 450 млн юань (37,7 млрд теңге) «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС қатысушыларының жарғылық капиталға салымдары есебінен қамтамасыз етіледі.

Жоба Қытайдың ең ірі мемлекеттік энергетикалық корпорацияларының бірі - China Huadian Corporation стратегиялық инвесторының қатысуымен іске асырылуда. Қазақстан тарапын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ құрылымына кіретін Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. басқаруындағы Kokzhiyek Fund LP тікелей инвестициялар қоры ұсынады. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ — «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы.

Бу-газ қондырғысының құрылысы Маңғыстау облысындағы электр қуаты тапшылығын төмендетуге, өңірді тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге және Қазақстанның батыс энергетикалық жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған.

Жоба дәстүрлі генерациямен салыстырғанда жоғары энергия тиімділігімен және төмен шығарындылар деңгейімен ерекшеленетін заманауи бу-газ технологиясы негізінде іске асырылуда. Нысанды пайдалануға беру 2027 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

Кредиттік келісімдерге қол қою жобаны іске асырудағы кезекті кезең болды. Бұған дейін жоба қатысушылары бірлескен іске асыру туралы келісім жасасқан, ал 2026 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Huadian Kazakhstan Energy Ltd. мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін инвестициялық келісімге қол қойған болатын.

Жобаны іске асыру өңірдің қолданыстағы энергетикалық инфрақұрылымына түсетін жүктемені төмендетіп қана қоймай, соңғы жылдардағы Қазақстан энергетика секторына тартылған халықаралық капиталдың ірі мысалдарының біріне айналады деп күтілуде.

Сондай-ақ жоба жаңа жұмыс орындарын құруды, технологиялық құзыреттер трансферін және энергетика саласына заманауи шешімдерді енгізуді көздейді.

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салалардың бәсекеге қабілеттілігін жаңғыртуға және арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.

Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. жеке компаниясы - «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ еншілес ұйымы, 2025 жылы құрылған, шағын және орта бизнестің ірі, капиталды қажетсінетін жобаларын қаржыландыратын тікелей инвестициялар қорларының басқарушы компаниясы.

China Huadian Corporation Ltd. (CHD) - Қытай мемлекеттік корпорациясы, Қытайдың бес ұлттық электр энергиясын өндірушілерінің бірі. Жобаларға қатысу үлесі 51% -100% болатын стратегиялық инвестор ретінде әрекет етеді. Жоғары рейтинг (A2, A және A-) және беделдің арқасында нарықтағы ең жақсы шарттармен қаржыландыруды тартады, жобалардың құнын төмендету үшін оңтайлы шешімдерді жүзеге асырады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.