«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «Батыс Қазақстан облысында метанол өндіретін газ-химия кешенінің құрылысына» инвестиция салады
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) «Baiterek Investment Fund» тікелей инвестициялау қоры арқылы Zhaik Petroleum Ltd. ЖШС-тың «Батыс Қазақстан облысындағы метанол өндіретін газ-химия кешенінің құрылысы» жалпы сомасы 78,8 млрд теңге көлеміндегі жобасын 9,2 млрд теңгеге қаржыландырды.
Жоба заманауи технологияларды қолдана отырып, Қазақстандағы ең ірі газ-химия кешенін құруды көздейді. Жоба кешенді салу кезінде технологиялық серіктес болатын, қытайлық серіктес - XINJIANG SANBAO INDUSTRY GROUP CO. Ltd. бірлесе іске асырылып жатыр.
Қазақстанда табиғи газдың едәуір қоры бар, ол қазіргі уақытта негізінен қайта өңделмей экспортталады. Метанол өндірісі шикізатты жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бағыттауға және Қытай мен ЕС елдерінің нарығына экспортты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Метанол заманауи химия өнеркәсібінің маңызды шикізаты және өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Газ-химия кешенінің өндірістік қуаты жылына 130 мың тонна метанолды құрайды.
Жоба Қазақстан Республикасының Бірыңғай Индустрияландыру картасына енгізілген және оның жоғары экспорттық әлеуетін ескере отырып, елімізде жоқ метанол өндірісі импортын алмастыруға бағытталған.
Жаңа газ-химия кешенін пайдалануға беру 2027 жылы жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру Батыс Қазақстан облысының өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 10%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жобаны іске асыру нәтижесінде 467 жаңа жұмыс орны құрылады, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
Жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына сапары барысында Бейжіңде (ҚХР) өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы аясында қатысушы елдер деңгейінде өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Жобаны іске асыру ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Zhaik Petroleum Ltd» ЖШС арасындағы инвестициялар туралы Келісім шеңберінде жүзеге асырылады.
Анықтама үшін:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салалардың бәсекеге қабілеттілігін жаңғыртуға және арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан көруге болады.
Baiterek Investment Fund - «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ еншілес ұйымы, экономиканың басым салаларындағы жобаларды қаржыландыру мақсатында, 2024 жылы құрылған, тікелей инвестициялардың кэптивтік қоры.
XINJIANG SANBAO INDUSTRY GROUP CO., Ltd. - өндіріспен, қайта өңдеумен, логистикамен, туризммен және саудамен, сондай-ақ шетелде құрылыс саласындағы келісімшарттық қызметтермен айналысатын Қытайдың жетекші сыртқы сауда кәсіпорындарының бірі.
[xfvalue_img]
