Qazaqstan Investment Corporation өтінімдерді өңдеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін жеке кабинетті іске қосты

Qazaqstan Investment Corporation өтінімдерді өңдеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін жеке кабинетті іске қосты

Qazaqstan Investment Corporation (QIC) («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) өтінімдерді өңдеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін жеке кабинетті іске қосты.

Жеке кабинет өтініш берушілер (әлеуетті жобалар) мен QIC кэптивті қорлары арасындағы өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыруға арналған және «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Жеке кабинетті іске қосу процесті цифрландырудың арқасында сын-қатерлерді азайтуға және өтінімдерді қараудағы дәлдікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұрын құжаттар өтініш берушілерден тек қағаз түрінде қабылданған.

Жеке кабинеттің көмегімен өтініш берушілер ЭЦҚ пайдалана отырып, онлайн режимінде барлық қажетті құжаттарға қол қоя алады, құпиялылық туралы келісімдер жасай алады, өз өтінімдерінің мәртебесі туралы хабарламалар ала алады, өз жобасын қарау бойынша өзара іс-қимыл тарихын және тағы басқаларын қадағалай алады.

Жеке кабинеттің интерфейсін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолдана аласыз.

Жеке кабинетке мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://cabinet.qic.kz/login.

 

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда тікелей инвестициялар инфрақұрылымын және венчурлік қаржыландыруды дамыту негізгі миссиясы болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.