Yandex Qazaqstan: ақылды құрылғылардың сатылымы 60%-ға артты
2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңде Алисасы бар Yandex ақылды колонкаларының сатылымы Қазақстанда 60%-ға өсті. Ең танымал модель — Станция Лайт. Өсімге жаңа үлгілердің пайда болуы мен қазақ тіліндегі Алисаның іске қосылуы әсер етті.
Сатылымның 33%-ын алғашқы буындағы Станция Лайт құрады. Жаңа дизайны мен эмоциялық синтезі бар Станция Лайт 2 — 19%, Станция Мини 2 — 17%. Ең жоғары сұраныс Жаңа жыл мен 8 наурыз қарсаңында байқалды.
Функционалды құрылғыларға сұраныс артуда: Станция Миди сатылымы 237%-ға өсіп, көш бастады. Оның құрамында нейропроцессор мен Zigbee модулі бар. Екінші орында — экраны бар Станция Дуо Макс (өсім — 166%).
Соңғы бір жылда бес жаңа колонка шықты: Станция Лайт 2, Мини 3 және 3 Про, портативті Станция Стрит, сондай-ақ сағаты жоқ Лайт 2.
Ақылды үй құрылғыларына да қызығушылық артып келеді: розеткалар, шамдар, хабтар мен түрлі датчиктер сатылымы 77%-ға өсті.
[xfvalue_img]

6 пікір