Yandex Qazaqstan смарт үйді басқаруға арналған Алисасы бар ең қолжетімді колонка – Станция Мини 3 Про сатылымға шығарды

Yandex Qazaqstan смарт үйді басқаруға арналған Алисасы бар ең қолжетімді колонка – Станция Мини 3 Про сатылымға шығарды

Қазақстанда жаңа Станция Мини 3 Про сатыла бастады. Құрылғы смарт үй экожүйесін басқаруға мүмкіндік беретін Zigbee протоколын қолдайды. Бұрын бұл технология тек қымбаттау модельдерде ғана болған. Станция Мини 3 Про — Алисасы бар қосымша модульдерді сымсыз қосуға мүмкіндік беретін алғашқы колонка. Компакт дизайндағы корпусында 18 Вт динамик, LED жарық сақинасы және портатив аккумулятор қосуға болатын мүмкіндік бар. Модельдің бағасы — 79 990 теңге.

Смарт үйді басқаруға арналған әмбебап хаб

Станция Мини 3 Про смарт үй құрылғыларын басқаруға мүмкіндік береді: Zigbee, Wi-Fi және Matter over Wi-Fi протоколдарын қолдайды. Жарықтандыру, климатты немесе қауіпсіздікті бақылау құрылғылары арнайы хабсыз біртұтас экожүйеде жұмыс істей алады. Ал Zigbee құрылғылары интернетсіз де сценарийлер арқылы жұмыс істей алады — бұған дейін мұндай функция тек Алисасы бар аға модельдерде ғана қолжетімді болған.

Жақсартылған дыбыс

Компакт көлеміне қарамастан, Станция Мини 3 Про кез келген бөлмеде қанық дыбыс пен терең бас ұсынады. Арнайы жасалған динамик акустикалық көлемді үлкейтуге және екі пассивті радиаторды қосуға мүмкіндік берді. Олар ішкі дыбыс қысымын қанық төмен жиіліктерге айналдырады. Мұндай акустикалық шешім әдетте қымбатырақ модельдерде қолданылады және алғаш рет шағын құрылғыда іске асырылды.

Қосымша модульдер

Станция Мини 3 Про құрылғысына сыртқы аккумулятор немесе климат модулін сымсыз магнитті қосқыш арқылы қосуға болады. Портатив аккумулятормен колонка музыка тыңдау режимінде 7 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Аккумулятор жақын арада сатылымға шығады, бағасы — 17 990 теңге.

Климат модулі температураны, ылғалдылықты және көмірқышқыл газы деңгейін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл деректер смарт үй сценарийлерінде, мысалы, ауа ылғалдылығын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін пайдаланылуы мүмкін. Модуль жыл соңына дейін сатылымға шығады.

Ыңғайлы дизайн

Станция Мини 3 Про — Алисасы бар шағын колонкалар арасында LED жарық сақинасы бар жалғыз модель. Ол интерьер элементі ретінде ғана емес, құрылғымен әрекеттескен кезде индикатор ретінде де жұмыс істейді. Анимация арқылы Алисаның белсенділігі, қоңыраулар, лава-лампа режимі, генеративті музыка және басқа функциялар көрсетіледі. Корпус екі түсті меланж әсері бар акустикалық матамен қапталған. Матаның астында жарық сенсоры орналасқан — экран жарықтығы бөлмедегі жарыққа бейімделіп, көзге жайлы болып тұрады.

Станция Мини 3 Про мен портатив аккумуляторды Sulpak, «Технодом», «Мечта», «Белый ветер» дүкендерінен және фирмалық Алиса дүкенінен сатып алуға болады.

Станция Мини 3 Про суреттерін Яндекс Дискінен көруге болады.

Yandex Qazaqstan туралы

Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту мен нейрожелілер негізінде өнімдер мен сервистер жасайтын технологиялық компания. Компания Қазақстанда пайдаланушылардың өмірін жақсарту мен цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлейді және енгізеді. Бүгінде елде іздеу, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері жұмыс істеп тұр, сондай-ақ білім беру мен әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.