Оқушыларға буллингтің алдын алу және жол жүру ережелерін сақтау бойынша дәрістер өткізілді
Тәртіпті болу – ең алдымен мектеп қабырғасынан басталады. Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясының 1–4 және 7–10 сынып оқушыларына арналған тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Аталған іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Ерлан Қаратаев, полиция капитаны Айсұлу Иманова және мектеп тәлімгерлерімен бірлесіп оқушылармен кездесу өткізді. Маңызды тақырыптар бойынша дәрістер оқыды.
Дәрістердің негізгі тақырыптары – буллингтің алдын алу және жол жүру ережелерін сақтау болды.
Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдастықпен қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру және жолдағы қауіпсіздік ережелерін меңгерту.
Буллинг тақырыбындағы дәріс барысында оқушыларға өзара сыйластық, түсіністік, құрдастар арасындағы кикілжіңдерді шешудің жолдары және буллинг жағдайында кімге және қалай жүгіну керектігі түсіндірілді. Жол ережелеріне арналған бөлімде оқушылар жаяу жүргінші ретінде және жолаушы ретінде жолдағы қауіпсіздік ережелерімен танысты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Оларөздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала білді. Осындай тәрбиелік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]

6 пікір