"Мен және менің полицейім"
Елордада 27-29 қараша аралығында Астана қ. ПД ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына "Мен және менің полицейім" атты республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты- балаларды полицияның жұмысымен таныстырып, қоғамдық орындардағы және жолдардағы негізгі ережелерді үйрету. Акцияны өткізу барысында оқушылардың құқықтық санатын арттыруға бағытталған дәрістер, әңгімелесу, конкурстар, өзін-өзі қорғау сабақтары, сондай-ақ басқа да бірқатар іс-шаралар уйымдастырылуда.
Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Арман Алтынбекұлының айтуынша, осындай іс-шаралар балалардың полиция қызметінің жұмысымен танысуына және жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді.
Балалар елордалық ПД Жол-патрульдік полиция Полкін, Жедел басқару орталығын, Кинологиялық орталығы, полиция бөлімшелері және мұражай бөлімшелерін аралады. Сондай-ақ, балаларға жол-патрульдік полиция полкінің қызметтік автокөлігі, Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерінің жабдықтауы көрсетілді.
Акция барысында полиция қызметкерлері оқушыларға және мектепке дейінгі мекемелердің жоғарғы топ тәрбиеленушілері арасында "Полиция - дос және қорғаушы" тақырыбында түсіндіру ойындары өткізілді. Балаларға қоғамдық орындардағы бейтаныс адамдармен сөйлесу кезіндегі мінез-құлықтары жайлы, жол қозғалысының ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, осы күндері полицейлер кәмелетке толмаған жоғары сынып оқушылары арасында жыныстыққа қол сұғылмау мәселелерін алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында буклеттер таратуда.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір