АҚПАРАТ
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алу, елорданың көшелері мен жолдарында балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция қызметкерлері оқушылар мен жас балалар арасында қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттауға, жарақаттанудың алдын алуға ерекше көңіл бөліп, бірқатар іс-шараларды өткізуде.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қаланың жалпы білім беру мекемелерінде "жол жүру ережелері", "Балалардың жарақаттануы", "Жолдағы балалар", "Абайлаңыз жаяу жүргінші!"Жол-көлік жарақатын алдын-алу"бойынша профилактикалық сабақтар мен дәрістер ұйымдастырылып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларын алдын-алу мақсатында төменгі сынып оқушыларымен жолдың белгіленбеген жерлерінде, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтуіне жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер және т.б. жүргізіледі.
Іс-шара басталғаннан бері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары 350-ден астам дәріс пен жол қозғалысы ережелері бойынша 150-ден астам бейнеролик көрсетті. Аталған іс-шара 30000-ға жуық оқушыны қамтыды.
Астана қ. ПД-нің Жергілікті полиция қызметі
[xfvalue_img]