Қаржылық сауаттылық пен интернет алаяқтығының алдын алу – басты назарда
Астана қаласы Полиция департаментінің Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы интернет алаяқтығының алдын алу және азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Осы бағыттағы кезекті шара аясында басқарма қызметкерлері “Астана Теплотранзит”, “Астана РЭК” кәсіпорындарының қызметкерлеріне және Балалар оңалту орталығының мамандарына арнайы дәріс өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға интернет алаяқтығының кең таралған түрлері, олардың белгілері, сондай-ақ дербес деректер мен банк карталарын қорғау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерден сақтану және қаржы құралдарын қауіпсіз пайдаланудың негізгі қағидалары түсіндірілді.
Азаматтар мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды. Кибер қылмыстардың алдын алуға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындарды интернет кеңістігінде мұқият әрі сақ болуға, белгісіз сілтемелерге өтпеуге және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]