Интернет алаяқтықтың алдын алу: Евразия гуманитарлық колледжі студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Интернет алаяқтықтың алдын алу: Евразия гуманитарлық колледжі студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді

Интернет алаяқтықтың алдын алу: Евразия гуманитарлық колледжі студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді

Қазіргі таңда интернет алаяқтықтың белең алуына байланысты оның алдын алу және азаматтардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елордалық сақшылар бірқатар іс-шаралар атқаруда. Осыған орай, Астана қаласы Полиция департаменті Кибер қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Евразия гуманитарлық колледжінде студенттерге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара барысында полиция өкілдері  интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, олардан сақтану жолдары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы баяндады. Студенттерге қаржылық алаяқтық, жалған интернет-дүкендер, әлеуметтік инженерия және басқа да киберқауіптер туралы нақты мысалдар келтіріліп, практикалық кеңестер берілді. Дөңгелек үстелде психолог интернет алаяқтығының психологиялық аспектілеріне тоқталды.

Полиция қызметкерлері интернетте сақ болудың негізгі қағидаларын түсіндіріп, күмәнді хабарламалар мен сілтемелерге жауап бермеуді, жеке мәліметтерді ешкімге жария етпеуді және алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жедел хабарласу қажеттігін атап өтті.

Евразия гуманитарлық колледжінің әкімшілігі мұндай іс-шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге ниетті екенін білдірді.

Бұл бастама қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың интернеттегі қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.