Елорда прокуратурасының қызметкері шахмат турнирінің жеңімпазы атанды
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаевтың 85 жылдығына арналған аумақтық прокуратура, Бас прокуратура бөлімшелері мен Қазақстан Республикасы Прокуратура органдары академиясының қызметкерлері арасында шахматтан турнир өтті.
Турнир швейцариялық жүйе бойынша компьютерлік жеребе арқылы 9 турда әр ойынға 10 минут уақыт бақылауымен өтті.
Турнир қорытындысымен Астана қаласы прокурорының көмекшісі, кіші әділет кеңесшісі Мәди Аслан Жетпісбайұлы 9 ұпайдан 9 ұпай жинап, сенімді жеңіске жетті.
«Шахматпен 6 жасымда айналыса бастадым. 11 жыл бойы жастар құрамасы арасында Павлодар облысының 5 дүркін чемпионы болып танылдым. 14 жасқа дейін Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері болдым. 18 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы Қазақстан чемпионы», - деп атап өтті Аслан Жетпісбайұлы.
Астана қаласының прокуратурасы
[xfvalue_img]