СҚО-да погондағы шахматшылар арасында ұйымдастырылған турнир аясында үздіктер анықталды

СҚО-да погондағы шахматшылар арасында ұйымдастырылған турнир аясында үздіктер анықталды

 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай СҚО-да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында шахматтан турнир өткізілді. Турнирді СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдерімен бірлесе ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта әрбір полицей оқты нысанаға дөп тигізе білуі, күшті және төзімді болуымен қатар стратегиялық шешімдерді жылдам қабылдауы, ең қиын жағдайларда әрбір әрекеттің алдағы нәтижесін бағалай білуі тиіс. Бұл дағдыларды нығайтудың бірден бір жолы – шахмат ойыны.

Солтүстікқазақстандық күш құрылымдары қызметкерлері арасындағы дәстүрлі турнир Кәрім Сүтішев көшесіндегі шахмат клубының қабырғасында барлық санитарлық нормаларды сақтаумен өтті. Шахматтан жоғары ұлттық  санаттағы төреші Александр Новичков зияткерлік сайысқа төрелік етті. «Динамо» облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаевтың айтуынша, сайысқа «Динамо» ДСҚ құрамындағы 28 ұжым қатысқан, яғни ҰҚКД, Прокуратура, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Шекара қызметі, Әскери институт, әскери бөлім, сондай-ақ облыс полициясының барлық аудандық бөліністері.

Турнир айналым жүйесі бойынша төрт шағын топта өтті. Тартысты интеллектуалдық күрестің нәтижесі бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкері полиция подполковнигі Қанат Омаров топ жарды. Екінші орынды прокуратура қызметкері бірінші санаттағы заңгер Ерлан Жамулдинов иеленді. Облыстық Полиция департаментінің қызметкері кіші полиция сержанты Данияр Іргебаев үшінші орын алды. Турнир қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.