Елордалық сотта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай шахматтан турнир өтті

Елордалық сотта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай шахматтан турнир өтті

Нұр-Сұлтан қаласы соты және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Судьялар Одағы филиалының ұйымдастыруымен елордалық соттардың арасында шахматтық турнир өткізілді.

Турнир Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып мереке алдында өз мәресіне жетті.

Шахмат ойыны интеллектуалды қабілетті арттыратын  ақыл-ой спорттың бір түрі және әлемге танымал ойын екені баршамызға мәлім.

Сот қызметкерлері арасында спорттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастыру ұжымдағы ауызбіршілікті нығайтуға, сайыскерлік рухты көтеруге және адамның бойындағы ойлау қабілетін шыңдауға бағытталады.

Елорда соттары арасынан 30 ойыншы іріктеп алынып, ой жүйріктігін талап ететін сайысқа судьялар мен сот мамандары қатысты.  

Сайыс олимпиадалық жүйе бойынша «Swiss Manager» компьютерлік жеребе тарту бағытымен жүргізілді.

Турнирдің финалы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Динара Садуақасованың Шахмат академиясының шахмат ойыны платформасында өтті.

Финал мәресіне шахматтың жілігін шағып, майын ішкен 16 ойыншы суырылып шығып, шахматтық партияның 4 айналымынан өтті.

Білікті мамандардан жасақталған комиссия мүшелері финал нәтижесінде жүлделі орындарға қол жеткізген үздіктерді анықтады.

Шахмат турнирінің жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада марапатталды.

I орынды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Берік Сәтбаев иеленді.

Персоналды басқару бөлімінің басшысы – Азамат Шойбеков II орын иеленді.

III орынды Сарыарқа аудандық соты кеңсесінің сот приставы Ернар Ордабек қанжығасына байлады. 

Нұр-Сұлтан қаласы сотының  баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.