Қазақстандағы VK Cloud бұлтты платформасы ISO 27001, 27017, 27018, 27701xxx талаптары бойынша сертификаттаудан сәтті өтті » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Қазақстандағы VK Cloud бұлтты платформасы ISO 27001, 27017, 27018, 27701xxx талаптары бойынша сертификаттаудан сәтті өтті

Қазақстандағы VK Cloud бұлтты платформасы ISO 27001, 27017, 27018, 27701xxx талаптары бойынша сертификаттаудан сәтті өтті

VK Cloud бұлтты платформасы тәуелсіз үшінші тарап аудиторы – TÜV AUSTRIA аккредиттелген сертификаттау органы тарапынан ISO 27001, 27017, 27018 және 27701 стандарттары бойынша сертификаттаудан сәтті өтті.

Халықаралық деңгейде танылған осы стандарттар мен ережелер жиынтығына сәйкестік компанияның озық тәжірибелерге сәйкес барлық деңгейлерде ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың жүйелі тәсілін қамтамасыз ету міндеттемесін растайды.

 

VK Cloud - VК Tech корпоративтік БЖ вендорының бұлтты платформасы. ISO сертификаты мен VK Cloud инфрақұрылымының №94-V Заңына сәйкестігі VK Tech-ті сертификатталған әрі сенімді тендерлік жеткізуші, сондай-ақ мемлекеттік компаниялар үшін қауіпсіз және аттестацияланған мердігер етеді. 

 

VK Cloud ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі келесі стандарттарға сәйкес келеді:

  • ISO 27001 - ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесіне, оны енгізуге, қолдауға және жақсартуға қойылатын талаптар;
  • ISO 27017 - ақпараттық қауіпсіздікке кешенді тәсілдемені анықтайтын бұлтты қызмет жеткізушілері мен пайдаланушыларына арналған стандарт;
  • ISO 27018 - қоғамдық бұлтты ортада жеке деректерді қорғау ережелерінің жиынтығы;
  • ISO 27701 - жеке ақпаратты қорғауға арналған нұсқаулық.

"Қазақстандағы VK Cloud өз процестері мен инфрақұрылымының ISO стандарттарының талаптарына сәйкестігін растау үшін жыл сайынғы қайта сертификаттау аудитінен өтуді жоспарлап отыр. Біз бұл деңгейде тоқтап қалмаймыз және платформамызды одан әрі дамытуды, сондай-ақ бұлт қауіпсіздігі мен тұтынушыларымыздың деректеріне бағытталған бақылау шараларының жетілу деңгейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Стандарттарға сәйкестікті растау үшін бізге мамандандырылған халықаралық компанияны тарту маңызды. Біз клиенттердің VK Cloud платформасымен жұмыс істеу кезінде өздерін жайлы және қауіпсіз сезінгенін қалаймыз", - дейді Қазақстандағы VК Cloud Технологиялық даму жетекшісі Болат Қажкенов.

VK Tech -  күнделікті бизнес міндеттерін шешуге арналған корпоративтік бағдарламалық жасақтаманың ресейлік әзірлеушісі. VК Tech портфолиосы - бұлтқа негізделген платформаны, деректер қызметтерін, өнімділік қызметтерін, бизнес-қолданбаларды қамтитын бағдарламалық өнімдердің дайын экожүйесі. VK Tech өнімдері ресейлік бағдарламалық жасақтама тізіліміне енгізілген және ФСТЭК талаптарына сәйкес келеді, лицензия (On-Premise) және жазылым (On-Cloud) форматында жеткізіледі, бұл оларды кез-келген көлемдегі компанияларға қол жетімді етеді.

VK Cloud - кез-келген масштабтағы компаниялар үшін деректерді тиімді әзірлеу және өңдеуге арналған бұлтты қызметтер мен бағдарламалық жасақтаманың кең жиыны бар платформа. VK Cloud VK Tech шешімдер портфеліне кіреді және ашық код негізінде интернет қызметтері мен технологияларын дамытудың көп жылдық тәжірибесіне негізделеді. VK Cloud өнімдерінің арасында инфрақұрылымдық және платформалық бұлтты қызметтер, сондай-ақ Private Cloud инсталляциясы аясында және софт ретінде Public Cloud-та қол жетімді Dev Platform сияқты кешенді шешімдер бар.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.