VK Cloud және «Терриконовая долина» IT-хабы Қазақстанда IT саласын дамытатын болады
27 қыркүйекте ірі өңірлік «Терриконовая долина» IT-хабы және VK Cloud Қазақстанда IT-бизнесті дамыту саласында өзара қолдау туралы меморандумға қол қойды. Серіктестіктің шеңберінде VK Cloud жыл бойы «Терриконовая долина» резиденттері үшін білім беру бағдарламаларын, көрмелер өткізуді және жобалардың бірін дамыту үшін грант бөлуді жоспарлап отыр.
Қазіргі жағдайда онлайн бизнестерге қойылатын талаптар айтарлықтай өсті. Қаржылық технологиялар, электрондық коммерция, білім беру және ойын-сауық цифрлық сервистері даму үстінде. Бұл тек қазақстандық әзірлеушілер үшін ғана емес, бүкіл Қазақстанның ағымдағы IT-инфрақұрылымы үшін де үлкен сынақ болып табылады.
Технология саласындағы жетекші компаниялардың міндеті – осы сынақтардан өтуге көмектесу. Ол үшін қол қойылған меморандум аясында VK Cloud және «Терриконовая долина» жетекшілері бір жылдың ішінде IT-hub резиденттері үшін бірқатар бірлескен іс-шараларды ұйымдастырып өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шараларға фестивальдар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, бұлтты технологиялар бойынша менторлық консультациялар кіреді.
Сонымен қатар VK Cloud «Терриконовая долина» резиденттеріне компанияның бұлтты ресурстарын пайдалану үшін 10 млн теңге сомасына грант ұсынады.
«Біздің VK Cloud компаниясымен серіктестігіміз — бұл Қазақстандағы IT-инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды қадам, - деп айтты «Терриконовая долина» IT-хабының бас директоры Сабир Ниязов. - Білім беру бағдарламаларының, әртүрлі шаралардың және гранттардың арқасында біз резиденттерімізге жаңа бұлттық технологиялар мен сараптамалық білімге қол жеткізуге мүмкіндік береміз. Бұл инновациялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, біздің әзірлеушілер мен компанияларға осы сындарды жеңуге көмектеседі».
«VK Cloud үшін инновациялық инфрақұрылымды дамыту маңызды болып табылады. Қазір біз Қазақстанды цифрландырумен, IT-шешімдерді дамытумен, ынтымақтастық және жергілікті стартаптарды қолдаумен белсенді түрде айналысып жүрміз. «Терриконовая долина» IT-хабымен бірге серіктестік жасау Қазақстанның бұлтты технологиялары мен цифрлық дамуына зор үлес қосады деген сенімдемін», - деп айтты VK Tech басқарушы директоры және Қазақстандағы VK Cloud дамыту жөніндегі директоры Арман Нурушев.
Анықтама:
VK Cloud — бұл кез келген компанияларға деректермен жұмыс жасауға арналған бұлтты сервистер мен бағдарламалық жасақтамалардың кең таңдауын ұсынатын платформа. VK Cloud VK Tech портфеліне кіреді және ашық код негізінде интернет қызметтері мен технологияларын дамытудың көп жылдық тәжірибесіне негізделеді. VK Cloud өнімдеріне инфрақұрылымдық және платформалық бұлтты қызметтер, сондай-ақ Private Cloud инсталляциясы аясында және бағдарламалық жасақтама ретінде Public Cloud-та қолжетімді Dev Platform сияқты кешенді шешімдер жатады. Компанияның клиенттері: Битрикс 24, Газпромнефть, Росатом және өз салаларында ірі болып табылатын басқа компаниялар.
«Терриконовая долина» IT-хабы — IT және digital салаларының дамуына зор үлес қосатын және мемлекетті, мамандарды, сарапшылар мен студенттерді біріктіретін экожүйе. IT-хабтың Terricon School деп аталатын бағдарламалау мектебі бар.
[xfvalue_img]