Елордада «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында "Өмірді сақта" акциясы өткізілді
Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында қала аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.
Бұл іс-шара жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге, жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға баса назар аударды. Бір тәулікте 850-ге жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 5 құқық бұзушы, қарсы жолаққа шығып кеткені үшін 18, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін 20 жүргізуші, белгіленбеген жолдан өткені үшін 125 жаяу жүргінші ұсталды. Сондай-ақ полицейлер авариялық ахуал туғызудың 36 дерегін анықтады.
Сонымен қатар жедел-алдын алу шарасы аясында Астана қалалық полиция департаментінің қоғамдық көмекшілері «Астана жастары» еріктілерімен бірлесіп «Өмірді сақта» акциясын өткізді.
Акция барысында полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ақпараттық парақшалар мен буклеттер таратты.
Акция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]

6 пікір